СЕНІМДІ СЕРІКТЕС

0 140

c534b1e2ae469ea729d3bf3a473

Кеше Татарстанның Астанадағы мәдени күндерінің аясында Астана қаласының әкімі И.Н. Тасмағамбетов пен Татарстан Республикасының президенті Р.Н. Минниханов кездесті. Кездесу барысында іскерлік және мәдени-ағартушылық салалардағы екі жақты тиімді серіктестік байланыстар талқыланды, деп хабарлайды Astana.kz cайтынан.

«Татарстан –  біз үшін өте маңызды серіктес. Бұған тек халықтарымыздың рухани ортақ құндылықтары ғана емес, сонымен қатар белгілі объективті факторлар да ықпал  етуде» деді өз сөзінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

Өз кезегінде Татарстан президенті қазақ бауырлардың құшақ жая қарсы алғаны үшін шексіз алғысын білдіріп,  қабылдаушы тарапты тек қана индустрия саласында ғана емес, спорт бағытында да ынтымақтастық құруға шақырды.

«Бүгін біздің көптеген компаниялардың басшылары келіп отыр, олар Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқылары келеді. Ол үшін барлық жағдай жасалған: біздің мемлекеттеріміздің басшылары жақсы қарым-қатынаста. Қазір біздерде кеденмен еш қиындық жоқ, бизнес үшін қолайлы жағдайдың барлығы жасалды» деді Татарстан президенті Р.Н. Минниханов.

Айта кетерлігі, бүкіл Ресей Федерациясының аумағындағы Татарстан  халқының үлесі 2,67%-ды құрайды және бар болғаны 0,4% аумақты алып жатыр. Осыған қарамастан,  2013 жылдың қорытындысы бойынша саралап қарасақ, бүкіл Ресейдегі синтетикалық каучук пен этилен полимерінің (47,9%)  жартысына жуығы, жүк машиналары (29,7%)  мен доңғалақтардың (28,9%) үштен бір бөлігі, синтетикалық жуғыш заттардың 11,4 пайызы Татарстанда шығарылады.

Федералдық ауқымдағы құрылыстардың 5%-ы  аймаққа  салынып жатыр.  Ал, ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы сомасы 160 млрд теңгені құрайды. Бір сөзбен айтқанда, Татарстан Ресей Федерациясы субьектілерінің арасында ең қарқынды даму көрсеткіштеріне ие.

Кеше Астанадағы Татарстанның мәдени күндері аясында екі жақтың іскерлік орта өкілдері қатысқан бірқатар кездесулер өтті. Шараға  Астана мен Татарстан Республикасының өндірістері мен мемлекеттік мекемелері қатысты. Форум нәтижесінде бірқатар келіссөздерге қол қойылды, көптеген қатысушылар өздеріне серіктес тапты.

Бұл жағынан алғанда татар делегациясының сапары алдағы уақыттағы екі жақты қарым-қатынастың дамуына күшті серпін берді деуге болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 − two =