«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Сенім мен талап

0 48

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып саналады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

WhatsApp Image 2022-03-09 at 19.10.52

Қоғам және жұртшылық тарапынан мемлекеттік қызметші барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өз қызметін адал әрі кәсіби тұрғыда атқаруға және Отанымызға қалтқысыз қызмет етуге жұмсайды деген сенім қалыптасқаны анық.

Ел Президенті ­Қ.К.Тоқаев атап өткендей, еліміздің ауқымды сын-қатерлерді еңсеру барысында мемлекетке деген қоғамдық сенім, оның өзгерістерге дайындығы мәселесі ерекше маңызға ие болуда. Неғұрлым тиімді мемлекеттік басқаруға, азаматтардың басқарушылық шешімдер қабылдауға қатысуына деген сұраныс тұрақты түрде қалыптасуда.

Осы орайда, мемлекеттік қызметтің мақсат-мүддесі мен талаптарын анықтап беретін Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңа Тұжырымдамасы қабылданды.

Мемлекеттік басқарудың сервистік және «адамға бағдарланған» моделін құруды айқындап отырған Тұжырымдаманың мақсаттарына қол жеткізу үшін Мемлекет басшысы клиентке бағдарланған және ашық мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, оңтайлы және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, азаматтардың қажеттіліктері негізінде проактивті мемлекеттік қызметтерге көшу міндеттерін алға қойып отыр.

Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтерудің маңыздылығы ерекше деп санаймыз.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиіс.

Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік органдары тарапынан 17 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы мөлшері – 81,3%, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,64 есеге көп.

Халықпен тікелей жұмыс істеп, құжаттарды дер кезінде дайындап, сапалы қызмет көрсете білу қай кезде болсын, ең маңызды мәселелердің бірі болмақ. Халыққа қызмет көрсету бөлімдері: белгілі бір қыз­метті алу үшін жүгінген азаматтарға «бір терезе» арқылы қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік корпорация филиалы арқылы 2021 жылы 1,4 миллион қызмет көрсетілген.

Күн өткен сайын сапалы сервиске деген қажеттілік артып келеді, әрдайым қызметте нәтижеге жету үшін кез келген ұйымның жұмысында клиентке бағдарланушылық бірінші кезекке шығады. Қызмет сапасын бақылау департаменті тұрақты түрде халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде мониторингтер жүргізіп келеді. 2021 жылы 60-қа жуық мемлекеттік органдар мен мекемелерге мониторинг жүргізілді. Соның нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді алушылар үшін қолайлы жағдайлардың жасалуы, қолжетімділікті қамтамасыз етуі қадағаланады.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 8 халыққа қызмет көрсету бөлімі бар. Барлық бөлімдер мүмкіндігі шектеулі жандарға тиісті жағдайлар жасап, пандус­тармен, шақырту батырмаларымен жабдықталған. Сондай-ақ келушілер үшін алғашқы жәрдем көрсететін қобдишалар, қан қысымын өлшейтін тонометрлер, ана мен бала бөлмелері де бар.

Цифрландыру электронды қызметтердің саны мен сапасын арттырумен ғана жасалатын іс емес. Ол сондай-ақ халықтың барлық топтарын, оның ішінде жасы үлкен кісілерді, мүмкіндіктері шектеулі, не болмаса денсаулық жағдайына байланысты халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне баруға қиналатын азаматтарды электронды тәсілмен қызмет алуға үйрету, яғни цифрлық сауаттылығын арттыруға бағышталған.

Мәселен, Департаментпен елордалық «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының зейнеткерлері үшін мемлекеттік қызметтерді алу бойынша іс-шара ұйымдастырылды. Аталған мекемеде 300-ге жуық қарт адамдар мен I, II топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Көп жағдайда олардың халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне жүгінуге мүмкіндіктері болмай жатады. Сол себепті олар үшін электрондық цифрлық қолтаңба алу, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау және тұрғылықты жері бойынша тіркеу сияқты мемлекеттік қызметтерді көшпелі көрсету ұйымдас­тырылып отырады.

Сонымен қатар, Департаментпен жыл сайын халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында қала әкімдігі және Мемлекеттік корпорация филиалы арасында желілік кесте жасалады. Биыл аталған кестеге сәйкес, 10 мыңнан астам тұрғынды оқыту жоспарланған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның алдында мемлекеттік қызметке көзқарасты түбегейлі өзгертіп қана қоймай, ең алдымен, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсаты тұр.

Осылайша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартып, белгіленген проблемаларды шеше отырып, мемлекет тарапынан азаматтардың сенім деңгейін едәуір арттыруға және барлық ықтимал тәуекелдерді барынша азайтуға болады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жетілдіру мәселесі әрбір орган қызметінің басты бағытына айналуы тиіс.

Жандос СӘРСЕН, ҚР Мемлекеттік қызмет

істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы

 бойынша департаменті басшысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды