СЕНБІЛІКТЕН ШЕТ ҚАЛМАҢЫЗ

0 84

22 қыркүйек күні қала аумағын көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық сенбілік өтеді.Осыған орай біз Астана әкімдігі аппараты қала тіршілігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы Гүлмира Булаеваға сенбілік төңірегінде сауалдар қойған едік.

– Оқырмандар тарапынан «сенбілікке қалай қатысамыз» деген сықылды сұрақтар туып жатады…

– Қалыптасқан дәстүрге орай, мұндай сенбіліктер жылына екі рет, көктемде, мамыр мерекесі қарсаңында және күзде, алдағы қыс маусымына дайындық алдын­да өтіп отырады. Оның негізгі мақсаты – қоғамның назарын қала көшелерінің тазалығына, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне тарту. Қала көшелері мен аулалар абатын одан әрі жақсартуға үлес қосуға ниетті елордалық барлық тұрғындар мен мекемелер қатыса алады.

– Ал, алдағы жалпықалалық сенбілікке қанша мекеме ұжымы қатысады деп күтілуде?

– Игі шараға атсалысуға ниет білдіргендер қатары көп-ақ. Десе де, ол күні коммуналдық қызметтерге 70 мыңға жуық қалалық азаматтар мен 3,5 мың кәсіпорын, мекеме, ұйымдар қосылады деп күтілуде. Жалпықалалық сенбілікке қатысатын білім және денсаулық сақтау саласындағылар қоқыс жинауға арналған 15 мың пакет, 9 мың жұмыс қолғабы, әктеу және өзге де материалдармен қамтамасыз етіледі.

– Техника жағы да сақадай сай болар?..

– Шараға қатысушыларға 300 бірлік автомаши­на және өзге де мамандандырылған техникалар көмектеседі. Шамамен 1-1,5 мың тонна қоқыс жиналмақ және оны шығару үшін 100 жүк машинасы, 300 автомашина тартылады.

Асхат РАЙҚҰЛ

8 қыркүйек күні өткен коммуналдық сенбілікке 10 мыңнан астам адам қатысып, 36 жүк тиегіш және 100 автомашина жұмылдырылып, 758 тонна қоқыс шығарылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight − 4 =