СЕНБІЛІКТЕ СЕРПІЛЕЙІК

0 125

3bf98a264ba67027d51b6df336a

«Осы сенбіде Астанада «Біз – таза қала үшін!» ұранымен жалпы қалалық сенбілік өтеді. Бұл шараға 81 мыңнан аса адам, 460 техника жұмылдырылады» деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Экологиялық айлық аясындағы сенбілік барысында қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен үй аулаларын ретке келтіру, ағаш отырғызу, сондай-ақ, Есіл өзені жағалауын, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ арналарын, арықтардағы кәріз жүйелерін тазалау көзделген.

Жалпы қалалық экологиялық сенбілік аясында жапырақты шегіршін, сүмбіл терек, қызыл тал, үйеңкі мен жиде ағашы, сондай-ақ, мектептер, балабақшалар және медициналық ұйымдар аумағында үш мыңға жуық көшет егіледі. Бұл күні қала бойынша 6 мыңдай көшет отырғызылады.

Астана қаласында экологиялық айлық өткізу дәстүрі бұрыннан қалыптасқан. Бұл бұқаралық шараға Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, қалалық әкімдіктің және мәслихаттың өкілдері, республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, студенттер мен оқушылар белсене қатысатынын білеміз. Биыл да осы үрдіс жалғасын табатынына сенімдеміз. Тазалық акциясы – тек қана қала тұрғындарын жұмысқа жұмылдыру емес, бұл жастарды өз елордасын қастерлеуге тәрбиелеудің бір жолы. Осы орайда әрбір мекеменің басшысы сенбіліктің маңыздылығына мән береді деген ойдамыз.

Туған қаламыздың тазалығы үшін сенбілікке шығу әрбір астаналықтың патриоттық сана-сезімін көрсетеді деп ойлаймыз. Олай болса, сенбілікті мерекеге айналдырып, тазалық акциясына қатысайық, ағайын!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − seven =