Сенат веб-сайты жаңартылды

0 106

ҚР Парламенті Сенатының жаңартылған ресми веб-сайты іске қосылды. Пайдаланушыларға қолайлы болу үшін еліміздің аймақтарынан сайланған Сенат депутаттарының интерактивті картасы әзірленді.

Сайттың жаңа нұсқасында па­латаның басты жаңалық­та­рының ауыстырмалы те­резесі мен фото және бейне материалдар тарауы ашыл­ды. Кері байланыс үшін «Сайт бойынша сіздің пікіріңіз бен ұсыныстарыңыз» тарауы бар. Сенат отырыстарының онлайнтрансляциясы, твиттер және rss арналары ашылды. Сенат веб-сайтының үш тілдегі – қазақ, орыс және ағылшын тіл­деріндегі тармақтары бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 3 =