Сенат сайлауы өтеді

0 28

Орталық сайлау комиссиясы 12 тамызға белгіленген Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына дайындық мәселесі бойынша отырыс өткізді. Отырысқа бейнебайланыс режимінде облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары және онлайн режимде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев 10 тамыз күні сағат 00:00-де үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихаттары аяқталатынын хабарлады. «Осыған байланысты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының дауыс беру күніне дайындық туралы ақпараттары тыңдалды. Сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, сайлау бюллетендеріне 46 үміткер енгізілді (тіркеу­ден кейін 12 үміткерден кандидатураларын алып тастау туралы өтініш берілді). Яғни, Шығыс Қазақстан облысынан – 4, ал 10 өңірден 3 үміткерден: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызыл­орда және Павлодар облыстары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары. Қалған өңірлерден – 2 үміткерден» делінген ОСК ақпаратында.
Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізілген. Олардың басым бөлігі Алматы облысынан – 317 және Шығыс Қазақстан облысынан – 301, ал едәуір аз бөлігі Нұр-Сұлтан қаласынан – 21, Шымкент қаласынан – 26 және Алматы қаласынан – 32

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × two =