Сейтек сарыны

0 88

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі «Астана» концерт залында күйші Сейтек Оразалыұлының 160 жылдығына арналған «Заман-ай» атты онлайн концерт өткізді.Кештің мақсаты күйші Сейтек Оразалыұлының өмірі мен шығармашылығын жаңғыртуға, қазақтың күй өнерінде өзіндік айқын қолтаңбасын қалдырған өнер иесінің мол мұрасын насихаттау болды.
Сейтек Оразалыұлы – өз заманын күйлеріне арқау еткен көрнекті күйшілердің бірі. Кезінде оның күйлерін академик Ахмет Жұбанов, композитор Латиф Хамиди зерттеп, нотаға түсірді. Музыка зерттеуші Тмат Мерғалиев ол туралы «Жаңа заман жыршысы» атты еңбекті, жазушы Тәкен Әлімқұлов «Сейтек сарыны» хикаятын жазды. Концертте оркестрмен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі күйші Анар Мұздаханова оның күйлерін орындады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 5 =