Сазды әуенмен әрледі

0 19

Елорда төрінде «Бела Барток белгісімен» атты концерттер сериясы жалғасуда.

Мемлекеттік академия­лық филармонияның Ғазиза Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартеті «Астана опера» театрында әлемдік музыканың көрнекті өкілі, венгер композиторы – Бела Бартоктың 140 жылдық мерейтойына арналған «Бела Барток белгісімен» атты концерттер сериясын жалғастыр­ды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев.

Бағдарламада Бела Барток камералық музыканың жауһарынан басқа, осы жанрдың негізін қалаушы, ұлы веналық классик Джозеф Гайдннің ішекті квартеті және қазіргі қазақ композиторы – Сәтжан Шәменов шығармасының премьерасы да өтті. Көрерменге керемет классикалық музыка кешін тарту еткен Ғазиза Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартетінде өнер көрсеткен бірінші скрипкада – Айдар Тоқталиев, екінші скрипкада – Алексей Лебедев, виолада – Бекзат Сайлаубайұлы және виолончельде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев сиқырлы кештің сәнін кіргізіп, әлемдік музыка жауhарларының керемет шығармаларын елорда төрінде тағы бір мәрте ойнады

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − eight =