Саяхатшы жолдамасы жыл соңына дейін сақталады

0 22

Әлемге жайылған коронавирус кеселінің кесірінен туроператорлар да зор зардап шекті. Қазір олар клиенттерге 4 млрд теңге берешек. Бірақ олар қарызын өтеуге дәрменсіз. Сондықтан мемлекеттен көмек сұрауға мәжбүр.Кейінгі екі айда шетелде демалудан 30 мыңға жуық қазақстандық бас тартқан. Бірақ олар алдын ала төлеп қойған ақшаларын әзірше кейін қайтарып ала алмай жүр.
– Күрделі жағдайдың қалыптасуына біз кінәлі емеспіз. Бұл – әлемдік дағ­дарыс. Бірақ мұны жұрттың бәрі түсіне бермейді, қоқан-лоқы көрсетіп, айқай-шу шығаратындар аз емес. Туристердің болашақ демалыстары үшін берген ақшалары қызмет көрсетушілерге төленіп қойған, енді оны қайтару мүмкін болмай отыр, – дейді «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының басқарма төрайымы Инна Рей.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш қор «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Астанада 2016 жылы отандық туроператорларды сақтандыру, шетелге саяхатқа шыққан туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын. Бүгінде қордың құрамына 60-тан астам туроператор мүшелікке енген. Қор құрылғалы бері ТУРКОД-пен жарты миллион қазақстандық шетелде демалып келген.
– Біз туристерге төлеген ақшаны теңгемен емес, валюта түрінде сақтаймыз. Мәселен, болашақ тур үшін адам 1 000 еуро төлесе, осы ақшаны наурыз айындағы курс бойынша сақтап тұрамыз, – деді Инна Рейн.
Ол үшін турист пен турагент арасында бекітілген шартқа қосымша келісім жасалады. Онда турист алдын ала төлеген сома валюта түрінде көрсетіледі, мұндай келісім жасалған адамдар 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін кез келген шетелге қыдырыстап бара алады. Егер турист шартты одан әрі ұзартамын десе, қосымша ақша төлеу арқылы оған де ерік берілген. Сондай-ақ Инна Рей туристердің ақшасын қайтару үшін мемлекеттің қолжетімді несие беруін де сұрап отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 − 2 =