Саябақта орындалған симфония

0 20

Тұңғыш Президент саябағында Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрінің концерті өтті.

Концерт бағдарламасында әлемдік классика жауһарлары орындалды. Атап айтсақ, Ж.Бизенің «Кармен» және Дж.Россинидің «Вильгельм Тель» операларынан увертюралар, ағылшын композиторы Э.Элгардың романтикалық пьесасы – Salut d’Amour, флейтаға арналған туындылар, И.Бахтың си минор сюитасынан алынған «Шутка», гобой авторы Э.Морриконенің «Габриэль гобойы», Л.Миранданың «Моана» мультипликациялық фильмінің саундтрегі тыңдармандарға ұсынылды.
Концертке Brasswood quintet брасс-квинтеті де қатысты. Оның құрамында: трубада Әлихан Жиганшин мен Абзал Середа, валторнада Нұрислам Даурбай, тромбонда Жігер Уәкіл, тубада Біржан Бақдәулет өз өнерлерін көрсетті. Музыкалық мәдениеттің үздік дәстүрлерін сақтау үшін симфониялық оркестр К.Сталлинг, Л.Армстронг, Дж.Холкомба шығармаларын орындады. Кеш Иоганн Штраустың атақты «Радецкий маршы» шығармасымен аяқталды. Елордалық филармонияның симфониялық оркестрі өзінің шеберлігін үнемі жетілдіріп, қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, белсенді концерттік қызмет атқаруда.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 1 =