САЯБАҚ – ҚАЛАЛЫҚТАРДЫҢ ОРТАҚ ДЕМАЛЫС ОРНЫ

0 140

Әділбек Бекташев

20 шілдеде Астанада «Саябақтар шеруі» акциясы өткізілмек. Осыған орай, шараны ұйымдастырушы Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының төрағасы Әділбек Бекташевты әңгімеге тартқан едік.

– Акцияның негізгі мақсаты қандай?

– «Саябақтар шеруі» – бұл экологияны қорғау акциясы. Оның тарихы 1990 жылдары АҚШ-та бастау алған. Оны 1995 жылдан Ресей, Украина, Белоруссия, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа да мемлекеттерде жүйелі түрде өткізу дәстүрге айналған. Халықаралық акция адам­дарды табиғатты аялауға, оның қа­жеттілігін жете түсінуге және жұрт­ты осы бастамаға ұйыстыруды көздейді. Бұл шара елімізде де жыл сайын ұйымдастырылады. Соның аясында түрлі конференциялар, сенбіліктер, мектептерде тәрбие сағаттары да өтеді.

– Ал, сіздер нақты қандай жұмыс жүргізуді жоспарлап отырсыздар?

– Өздеріңіз білетіндей, Орта­лық саябаққа күрделі жөндеу жұ­мыстары жүргізілуде. Сондықтан онда құ­ры­лыс материалдарының қал­дық­тары баршылық. Сондай-ақ, Есіл жағажайында демалушылар отырған жерлерін жинамай, қаншама қоқыс қалдырып кетеді. Ендігі біздің мақсатымыз – сол саябақты тазартып қана қоймай, адамдарды қоршаған ортасына қамқор болуға үндеу. Өйткені, саябақ – қала тұр­ғындарының ортақ демалыс орны.

– Ол іске кімдер жұмыл­дырылмақ?

– Акцияға Жастар саясаты мәселелері басқармасының қол­­дауымен «Жасыл ел» еңбек жа­сағы және өз қалауы бойынша кел­­ген қала тұрғындары қатысады.

Мәдина ЖАҚЫП

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × three =