СӘУІРДІҢ ТӘУІР ЖАҢАЛЫҒЫ

0 123

Olzhabaj-Bisenbaev

Ағымдағы жылдың 14 ақпанында ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы халықты әлеуметтік қолдау бойынша кешенді шараларды қабылдау туралы тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес, 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап, зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері 14 пайызға дейін, ал мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері жыл басынан бастап 12 пайызға дейін арттырылды. Осы жөнінде Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының астаналық филиалының директоры Олжабай Бейсенбаевтан толығырақ түсіндіріп беруін өтінген едік.

 

– Таяудағы әлеуметтік қолдау шараларынан кейін зейнетақы мөлшерінің қаншалықты өскенін талдап-таратып айтып берсеңіз…

– Биыл 1 сәуірден бастап 60200 елордалық зейнеткердің зейнетақысы 14 пайызға дейін көтерілді. Соның нәтижесінде ең төменгі зейнетақы мөлшері 32186 теңгеге дейін артты (базалық зейнетақымен қоса). Бұл 2014 жылдың қаңтарына дейін  28396 теңге болатын.

Зейнетақының орташа мөлшері
55 818 теңгеге жетті (базалық зейнет­ақымен қоса). Осыған дейін оның көлемі 53 136 теңге болатын. Бұл
өзге­рістер қосымша базалық зейнет­ақы көлеміне де қатысты. Белгіленген мерзімнен бастап оның мөлшері
10 450 теңгені құрайды.

– Мемлекеттік әлеуметтік жәр­дем­ақылар мөлшері де 12 пайызға дейін арттырылды. Ондай көмек қанша жанға беріледі?

– Мұндай  жәрдемақы алушылардың саны – 13 187 адам. Егер үстіміздегі жылдың бірінші сәуіріне дейін I топтың мүгедектері 25378 алса, енді 28352 теңге алатын болады. Ал, екінші топтағы мүгедектер 19 780 теңгенің орнына 22 163 теңге алатын болды.
ІІІ топ мүгедектері 15 574 теңге жәр­демақы алады. 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар бұған дейін 18 660 алса, жаңаша есептеуден кейін жәр­демақылары
20 965 теңгеге көте­ріледі. Мүгедек балаларды тәрбие­лейтін ата-аналарға, қамқор­шыларына ай сайынғы мемле­кеттік жәрдемақы кө­лемі артып,
20904 теңгеге жетті.

– Көп балалы отбасыларға қа­тыс­ты төлемдерге тоқталып өтсеңіз.

– Әрине, бұл өзгерістер балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы кө­лемін де едәуір көтерді. Бұрын-соңды үш балаға дейін 51930 теңге берілсе, жаңа есептеулерден кейін 58172 теңге көлемінде жәрдемақы алады. Төртінші және одан көп балаға – 96953 теңге жәрдемақы алады. Бір жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша ай сайынғы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері  төмендегідей өзгерді.

2014 жылдың
1 сәуіріне дейін
2014 жылдың
1 сәуірінен бастап
Бірінші балаға 9521 10668
Екінші балаға 11252 12612
Үшінші балаға 12983 14538
Төртінші және одан көп балаға 14714 16418

 

– Тағы қандай азаматтар санатына қарастырылған төлемақылардың  мөлшерінде өзгеріс бар?

– Арнайы  мемлекеттік  жәрдемақы­лар мөлшерлері арттырылды: Оны «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» ма­рапатталған немесе Батыр ана атағын алған көп балалы аналарға берілетін және төрт және одан көп кәмелеттік жасқа толмаған бірге тұратын балалары бар көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері, Ұлы Отан соғысының ар­дагерлері мен мүгедектері мен теңес­тірілген тұлғаларға берілетін жәр­дем­ақының  көлемі де  арттырылды.

Айгүл УАЙСОВА

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 5 =