Сәуірдегі екпеге дайынсыз ба?

0 62

Қазақстанда сәуірдің екінші жартысында COVID-19 инфекциясына қарсы жаппай вакцина салу басталады. Осығай орай Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы берген мәліметтерді ұсынамыз.

1. Вакцина салғызушы өз статусын анықтауы керек. Ең алдымен сіз арнайы қауіп-қатер топтарына жатпайтын адам болсаңыз, өзіңіздің уческелік дәрігеріңізге телефон арқылы хабарласасыз.
2. Келісілген уақыттан кешікпеңіз. Себебі осынша еңбекпен келген вакцинаны ысырап етуге болмайды. Тізімдегі кезегіңіз келгенде мамандар хабарласып, екпенің күні мен уақытын айтады.
3. Вакцина алушыдан екпе алмас бұрын өз еркімен екпе салынып жатқаны туралы қолхат алынады. Яғни, екпе салдырушы тек бір құжатқа ғана қол қояды.
4. Маман екпе алушының амбулаториялық кітапшасына оның осы дәрігерге келген мезеттегі жағдайын түбегейлі сипаттап жазып, қажетті вакцинаның атын көрсетіп, вакцина алуға қарсы көрсеткіштері жоқ екендігін негізге ала отырып, рұқсат ететіндігі туралы жазба қалдырады.
5. «Спутник V» иық бұлшық етке 2 кезеңде салынады. Бірінші және екінші кезең арасында 21 күн өтуі керек. Ал белгілі бір жағдаймен бұл уақыттан асырып алсаңыз, 60 күнге дейін уақытыңыз бар.
6. Вакцина бір реттік шприцпен егіледі. Медбикенің қолында қолғап, бетінде маска болуы керек.
7. Екпеден кейін 30 минут мамандардың бақылауында болыңыз. Доза шприцке тартылғаннан кейін медбике қолына тағы бір спирттік салфетканы алып, иықтың ине салатын жерін сүртеді. Осыдан кейін екпе салынады.
8. Мамандар сізді 3 күн бойы қашықтан бақылайды. Үй жағдайында медицина қызметкерлері күніне бір рет хабарласып, жағдай сұрайды.
9. Коронавируспен ауырған адамға 6 ай бойы вакцина салуға болмайды. Яғни вирус жұқтырып ауырған адам жарты жылдан кейін ғана екпе салдыра алады.
10. Жүкті әйелдерге және жасы 18-ге толмаған адамдардың вакцина алуға мүмкіндігі жоқ. Себебі олар вакцина сынағына қатысқан еріктілер қатарына алынбаған. Зерттеу барысында оларға вакцина салынып, тексерілмеген.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six − six =