Сауда үйлері қалай жұмыс істейді?

0 57

20 шілде – Құрбан айт мерекесіне орай қазақстандықтар үшін демалыс күні болады. Бұл күні Нұр-Сұлтанда базарлар, кафелер, СОО және автобустар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды.Қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысына сәйкес, қалалық автобустар штаттық кесте бойынша жұмыс істейтін болады.
Сауда үйлері мен сауда орталықтарына сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. Ал қоғамдық тамақтану нысандары Ashyq бойынша 20.00-ге дейін жұмыс істей алады. Алайда келушілерге арнайы шектеулер қойылған.
Дәмханалар, мейрамханалар мен кофеханалар залдың 50 пайызына дейін, 30 орыннан аспайтын жағдайда жұмыс істей алады. Кәдімгі мекемелерге 07.00-ден 17.00-ге дейін, Ashyq қосымшасы бар мекемелерге 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Көше сауда нысандары, стритфудтар, балмұздақ сататын дүкендер, көкөніс шатырлары және басқалары, сондай-ақ гүл дүкендері қалыпты жұмыс істей береді. Азық-түлік дүкендері, шағын-маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер орналасқан жеріне қарамастан, бір сатып алушыға төрт шаршы метр толымдылығын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 + three =