САУДА ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫ

0 113

Астана қаласы мәслихатының депутаттары сауда саласында­ ұсынылатын қызметтердің сапасы мен қызмет көрсету деңгейін талқылады.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқар­масы бастығының орынбасары Р.Қауғабаева депутаттарды сауда сала­сында елорда халқына қызмет көрсе­ту­дің жай-күйімен таныс­тырды. Оның айтуынша, елор­даның сауда нысан­да­рының құры­лы­мында 25 базар, 1989 дүкен және супермаркет, 7 сауда-ойынсауық орталығы бар екен. Олар­дың арасында «Шапағат» коммунал­дық базарының жұмысына ерекше­ тоқталар болсақ, үстіміздегі жыл­дың наурыз айынан бастап осы маңда ауылшаруашылық жәр­мең­ке­лері ұйымдастырылып келеді. Базар аумағында 52 өндірушінің өнімі ұсынылады.

Өткен жылдың 9 айы ішінде «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамына қала тұрғын­да­ры­нан 4975 арыз түскен. Ал 2011 жылдың 12 айындағы арыздар саны 4300 болған, яғни 2012 жылы ол 30 пайызға артты. Бұған негізгі себеп – Қазақстанның Кедендік одаққа дайындықсыз кіруі. Одаққа мүше мемлекеттерден импортталатын тауарлардың жалпы сапасы және таңбалануы талапқа сай емес. Бұған қоса, қарқынды дамып келе жатқан Астана қаласында сапасыз өнім шығаратын отандық кәсіпорындар көптеп саналады. Сан артқан сайын сапаны бақылау қиындап отыр. Бұған дәлел 2013 жылдың қаң­тары­нан бастап «Әділет» қоға­мы­на тұтынушылардан 1200 арыз түскен.
Шараға қатысқан депутаттар­ мен мінберге шығып сөз сөй­ле­ген­­дер сауда саласында оң үрдіс­тер­­мен қатар, бірқатар шешіл­ме­ген келелі мәселелердің бар екен­­дігін атап өтті. Қалада заманауи бөлшек сауда желісі жеткі­лік­­ті дамымаған. Мемлекеттік қабыл­дау­ комис­сия­ларының актісіз пайдалануға берілген 12 базар жұмыс істейді. Қала аумағында уақытша сауда павильондарын кезеңмен шығару мерзімдерін сақтауға қатысты құрылыс салу қағидаларының орын­далуы­на тиісінше бақылау жоқ. Проблемалардың бірі стихия­лы түрдегі көше саудасы болып отыр. Тіпті, сауда саласында туындайтын проблемаларды талқылау жөнін­дегі кеңесу органы жоқ. Сау­да­ саласында білікті мамандардың жетіс­пеу­шілігі сезіледі. Себебі, қызмет көрсету орындарында жұмыс істеп жүрген жастардың көбі – аз мерзімдік курстарды бітір­ген­дер.

Сауда орынына кірген адам­дар­дың басым көпшілігі ондағы қызмет көрсету сапасына қарап барып­ сауда жасайтыны белгілі. Егер қызмет көрсету сапасы нашар болса,­ бұры­лып тайып тұратындар да аз емес. Сондықтан осы мәселелер қала­лық мәслихаттың тұрақты комис­сия­сы­ның­ бақылауына алынды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × one =