САУАПТЫ ІСКЕ ҮНДЕЙДІ

0 129

IMG_7703

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Астана қаласы Білім басқармасы мен «Дар» қоғамдық қоры бірлесе отырып, жалғызбасты ана Гүлзамира Алмаханқызына қолұшын созды.

Сегіз жасар қызы Айзадаға туғаннан микроцефалия диагнозы қойылған. Анасы жұмыс істемей, үнемі баланың қасында отырады. Өйткені, дәрігерлердің айтуынша, оған күнделікті күтім керек. «Балаға мейірім сыйла!» ұранымен өтіп жатқан акция мақсаты баланы мектепке даярлау ғана емес, сонымен қатар жағдайы нашар отбасыларға көмек көрсету болғандықтан, бұл отбасыға азық-түлік пен азын-аулақ киім-кешек берілді. «Демеушіліктің арқасында өзгенің жылуын сезініп, әлі де жақсы адамдардың бар екеніне көзіміз жетті» дейді Гүлзамира.

«Көмекке зәру отбасылар көп. Біз солардың біріншісіне ғана барып қайттық. Қайырымдылық жасауға әзір атымтай жомарттар тарапынан ұсыныс түссе, оларға әлеуеті нашар топтардың тізімін беріп, үй-үйді аралаймыз» дейді Білім басқармасы Кә­мелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Ләззат Жақсылыққызы. Қазірдің өзінде аудан әкімдіктері, «Нұр Отан» партия­сы мен қалалық мешіттер сауабы мол іске жұмыла кірісуде. Ал, жақында осы шара шеңберінде Білім және ғылым ми­нистрлігі 4 отбасы мен 20 балаға демеушілік жасамақ. Сондай-ақ, 16-23 тамыз аралығында қалалық алаңда «KZ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен бірыңғай мектеп формасы мен оқу құралдарын төмен бағамен сататын жәрмеңке өтеді деп күтілуде.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + twelve =