©2020 Астана Ақшамы
Сатудың жаңа жүйесі
Астана қаласында азық-түлік өнімдерін сатудың жаңа жүйесі қолданысқа енгізілмек.
Аталмыш жобаға байланысты, «Қазагромаркетинг» АҚ жаңа тауар өткізу жүйесін құруды жоспарлап отыр. Жүйе екі бөлімнен тұрады: біріншісі, өнімді сауда орындарына жеткізу процесін басқару, екіншісі, өнімді сауда желілеріне тікелей жеткізу. Қазіргі таңда компания электронды сайт жасап жатыр. Жоба айдың соңына қарай қызметін бастайды. Сайтта азық-түлік тауарларын өндіретін барлық кәсіпорындардың тізімі мен өнім түрлері жазылады. Бұл азық-түлік тұтынушылары үшін сапалы қызмет көрсету әрі уақытты тиімді жұмсауға септігін тигізеді.
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ