САТИРАНЫҢ ҚОС САҢЛАҒЫН ЕСКЕ АЛДЫ

0 150

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде филология факультеті, М.Жұмабаев атындағы әдеби бірлестік пен «Алқа» әдеби ұйымының ұйымдастыруымен «Әзіл әлемі: қазақ қалжыңы және сатира сипаты» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Қазақ сатирасының саңлақ­тары – Шона Смахан­ұлының 90 жылдығы, Оспанхан Әу­бә­кіровтың 80 жылдығына әрі 1 сәуір – Күлкі күніне орай ұйымдастырылған кешке елор­­далық зиялы қауым мен сту­денттер қатысты.

Кеш шымылдығын қаламгер Табыл Құлиясов тартымды естеліктерімен ашты. Одан кейін ғалымдар С.Негимов «Шона Смаханұлы – қайрат­кер, қаламгер» тақыры­бында, Р.Тұрысбек «Ш.Сма­ханұлының шығар­ма­шылық мұрасы», Б.Түкібаев «Әзіл әлемі:   тарихы   мен   тағылымы», Т.Мәмесейіт «Қазақ әдебие­тіндегі сатиралық туындылар: көркемдігі мен стиль­дік құбылыстары» тақы­рып­тарында баяндама жасады. Белгілі айтыскер ақын С.Дүйсенғазин сырлы домбырасымен қазақ айтысындағы сатиралық шумақтарды орындады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight − 4 =