Сарыарқаның киелі көрінісі

0 63

Алдағы 9 сәуірде Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік ­тарихи-мәдени музей-қорығы мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы К.Ақышев атындағы Археологиялық ғылыми-зерттеу институты бірлесіп, «Сарыарқаның киелі ландшафты» атты құнды еңбектің таныстырылымын өткізеді.Аталған ғылыми монография қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ұжымдық еңбегі деуге болады. Онда Солтүстік Сарыарқаның екі жергілікті аймағы: Ақмола облысындағы Есіл мен Теңіз-Қорғалжын оазисін зерттеу мысалында ландшафтты сақтау шарттары мен механизмінің сипаттамасы ұсынылады. Сонымен бірге кітапта ежелгі және ортағасыр­лық дәуірлердің тарихи-мәдени, этностық, интеграциялық процес­теріндегі ғибадат мемориалдарының рөлі көрсетілген.
Киелі ландшафт – діни нысандар түрінде із қалдырған адамзат баласының рухани іс-әрекетімен өзгерген геомәдени кеңістік. Оның материалдық көрсеткіші – үйінділер түріндегі археология ескерткіштері, ежелгі қалалардың, құлшылық етуге арналған ғибадатханалардың қирандылары, тасқа салынған суреттер.
Сарыарқа – аумағы жағынан үлкен, әртүрлі ландшафттар кешенінен тұратын табиғи-географиялық құрлық. Сарыарқаның дала белдеуі әртүрлілігімен ерекшеленеді және меридиандық сипаттағы мәдени байланыстарға бейім. Кітапта Сарыарқа ерекше киелі локус ретінде ұсынылған, оның мәдени ландшафты алдыңғы ұрпақтардың мыңжылдық қызметімен қалыптасқан. Әрбір тарихи-мәдени дәуір осы кеңістікте өзінің киелі орталықтарын қалдырған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − 6 =