«Сарыарқа» әсем әнге бөледі

0 35

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің «Ән-жырым – Сарыарқа» атты Наурыз мерекеcіне арналған концерті өтті.

Кеш барысында Мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаев, Күнсұлу Тұрлыбекова, Шығыс Махан және республикалық байқаулардың лауреаттары Тельман Нұркенов, Берік Омаров, Данияр Мұқан, Нұржан Мейірхан, Айдос Оңғарбай, Жандос Иманбай, Омар Райхан секілді дәстүрлі әншілер әуелетіп ән салып, күмбірлетіп күй төгіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
«Ұлттық мерекені тойлауда филармонияның үздік өнер иелері жұртшылыққа керемет көңіл-күй сыйлады. Наурыз мейрамына байланысты өткен концерттің негізгі мақсаты: халыққа рухани азық беріп, қазақтың дәстүрлі аспаптық және әншілік өнерімен сусындату еді» дейді «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі Тоғжан Жахин.
Сонымен бірге концертте Б.Айсының «Наурыз күйі», Қайрақбайдың «Тел қоңыр», Б.Дөненбайдың «Жеке батыр», Д.Рақышевтың «Наурыз тойы», А.Жұмашевтің «Наурыз вальсі» секілді шығармалары да орындалды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − 1 =