Сарыарқалықтар – сенбілікте

0 56

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және экологтар күніне орай Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Табиғатты аяла» деп аталатын шара ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Есет Байкен бастаған аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты.Олар әуелі аудандағы Баршын көшесі аумағындағы құрылысы жүргізіліп жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің маңындағы қоқыс алаңын тазартты.
– Көгалдандыру, көгеріштендіру айлығы басталғалы бері сенбілік жұмыстарына тұрақты атсалысып келеміз. Сенбіліктер кезінде тазалық жүргізумен бірге тал көшеттері де отырғызылды, – деді аудан әкімі Есет Байкен.
Тазалау жұмыстарынан соң шараға қатысушылар «Көктал» саябағында құстарға арналған ұяшықтар орнатты. Бұл шараға ауданның кішкентай тұрғындары да өз үлес­терін қосты. Жергілікті тұрғын Максим Николайчук жиналғандарға саябақ тарихы туралы әңгімелеп берді.
– «Көктал» саябағындағы емендерді ХІХ ғасырдың аяғында, ХХ ғасырдың басында ­Кубрин деген көпес еккен көрінеді. Сол тарихи сабақтастық бүгінде жалғасын тауып, саябақ аумағы жасыл желекке айналды. Аудан әкімдігінің құстарға ұяшықтар орнату бастамасы – өте жақсы идея. Осы аумақта күн сайын нан ұсақтарының шашылып жатқанын көреміз. Енді тұрғындар оларды бейберекет тастамай, құстарды жемдеуге арналған орындарға әкелсе тіптен дұрыс болар еді, – деді ол.
Сондай-ақ осы күні аудан әкімінің орынбасары Әбдірахман Дәуленбаев Грузияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Зураб Абашидземен бірге ағаш отырғызды.

Шынболат Атыханұлы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − one =