«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Сарыарқа ауданында – жаңа әкім

0 250

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың өкімімен Сарыарқа ауданының әкімі болып Ерғали Егемберді тағайындалды.

Жаңа әкімді Бақыт Тұрлыханұлы таныс­тырды. «Ерғали Қуандықұлы баршаңызға жақсы таныс. Елорданың дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың бірі. Біліктілігі мен тәжірибесі жеткілікті. Сәттілік тілейміз» деді Б.Сұлтанов.
«Ерғали Қуандықұлы 1977 жылы 23 қарашада туған, білімі жоғары.
Мемлекеттік қызметтің бірнеше сатыларында абыроймен еңбек еткен.
Мамандығы бойынша экономист, заңгер. Cаяси ғылымдардың кандидаты.
Еңбек жолын Астана қаласы Қаржы департаментінің бас маманы-заңгер қызметінен бастаған. Қаламызда Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрінің орынбасары, Денсау­лық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары сияқты лауазымды қызметтерді атқарды. «Болашақ» бағ­дарламасы бойынша АҚШ-та білім алған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды