Сарыарқа ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша есебі

0 160

Ағымдағы жылдың 30 қаңтары мен 7 ақпаны аралығында Сарыарқа ауданында 7 есеп беру кездесуі өтеді. Тұрғындардың кездесуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін әкімнің ресми сайтында, сондай-ақ баспа құралдары және әлеуметтік желі­­лерде есеп беру кездесулерінің кестесі жарияланды.

5

Арман Тұрлыбек, Сарыарқа ауданының әкімі

Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірі 2016 жылы жарқын іс-шараларға толы болды. Оның бастысы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты өткен мерекелік іс-шаралар легі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында еліміз үлкен табыстарға қол жеткізді.
Қысқа уақыт аралығында еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гума­нитарлық салаларында ауқымды жұмыстар атқарылды.
Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының жұмысы «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» стратегиясының негізгі ережелерін іске асыру шеңберінде өтті.
«Барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2016 жылы халыққа есеп беру кездесулерге 1070 адам қатысты, 5 есеп беру кездесуі өткізілді.
Тұрғындардан барлығы 97 сұрақ келіп түсті, олардың ішінде 88-і түсіндірілді, 9-ы бақылауға алынды.
Сонымен қатар, әкімнің есеп беру кезінде түскен аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, ол өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік берді.
Атап айтқанда, Ақмола және Наурыз көшелеріне қоғамдық көлік кіруге ыңғайлы болу үшін абаттандырылды, «Өндірістің» 25 көшесіне қатты материалдар төселді. №68 мектеп алдынан Құсмұрын көшесіне дейін «жасанды кедергі» орнатылды. №24 қоғамдық көлік «Нефтяник» алабына дейін ұзартылды, Жолымбетов көшесі жарықтандырылды, қоғамдық көліктердің кестесі қайта қарастырылды.
Барлық келіп түскен өтініштерге уақытылы шаралар қабылданды және түсініктемелер беріледі.
Ағымдағы жылдың 30 қаңтары мен 7 ақпаны аралығында Сарыарқа ауданында 7 есеп беру кездесуі өтеді. Тұрғындардың кездесуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін әкімнің ресми сайтында, сондай-ақ баспа құралдары және әлеуметтік желілерде есеп беру кездесулерінің кестесі жарияланды.

Анықтама ретінде:
30.01.2017 ж. – «Көктал» тұрғын алабы, «Наз» мемлекеттік театры, Алмалық көшесі, 1;
31.01.2017 ж. – «Өндіріс» тұрғын алабы, №49 орта мектебі, Сарыадыр, 3-бұрылысы;
01.02.2017 ж. – «Жастар» театры, І.Есенберлин көшесі, 10;
02.02.2017 ж. – «10 қалалық емхана», Ш.Қосшығұлұлы көшесі, 8;
03.02.2017 ж. – №60 мектеп-гимназия, Кубрин көшесі, 21/1;
06.02.2017 ж. – Политехникалық колледж, Бейбітшілік көшесі, 39;
07.01.2017 ж. – М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1.
Сарыарқа ауданы бойынша тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін салу үшін 15 арнайы жәшік орнатылған.
Анықтама ретінде:
«Колос» сауда үйі, Бейбітшілік көшесі, 34;
«Диона» сауда үйі, Республика даңғылы, 15;
«Азат» сауда үйі, Жеңіс даңғылы, 25;
«Sine Tempore» сауда үйі, Бейбітшілік көшесі, 9;
ХҚК орталығы, Республика даңғылы, 43;
№4 қалалық аурухана, Шевченко көшесі, 1;
№10 қалалық аурухана, Ш.Қосшығұлұлы көшесі, 8;
ХҚК орталығы, С-409 көшесі, 13;
«5 минут» супермаркеті, Сарыарқа даңғылы, 31а;
«Дәулет» дүкені, Біржан сал көшесі, 2;
«Жандар» дүкені, Т.Шонанұлы көшесі, 41;
«Мечта» дүкені, Кемеңгерұлы көшесі, 6/1;
«Рахат» дүкені, Герцен көшесі, 84;
«Шик» дүкені, Көктал-1, Бабатайұлы көшесі, 6/1;
«Көктал-2» сауда үйі, Көктал-2, Ақмола, 24.
2016 жылды қорытындылай келе, біз ауданның жалпы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты және оң перспективада дамып келе жатқанын атап өткім келеді.
Сарыарқа ауданы 1998 жылдың 6 мамырында құрылған, алаңы – 19 202 гектар.
Ауданда 2 тұрғын үй массиві бар: «Көктал» және «Өндіріс».
6 жоғары оқу орны, 16 колледж, 33 мемлекеттік мектеп, 34 мектепке дейінгі балабақша бар.
Ауданда 24 денсаулық сақтау объектісі, 5 театр, 9 кітапхана орналасқан.
Аудан халқының саны – 357 314 адам (01.05.2016 ж. жағдай бойынша), бұл – өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға артық көрсеткіш.
Аудан кәсіпорындарының негізгі капиталындағы инвестиция көлемі 167,1 млрд теңгені құрады, ол – елорда инвестициясының 19,9%-ы.
Сарыарқа ауданы бойынша индустриялдық өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 79,7 млрд теңге, ол елорда өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 18,7%-ын құрайды.
2017 жылдың басында салық түсімі 46,5 млрд теңгені (107%) құрады.

Аудан бюджеті туралы
Сарыарқа ауданы бюджеті 2016 жылы 11,6 млрд теңгені құрап (2015 жылы – 9,3 млрд теңге), 100% игерілді.
2017 жылы аудандық бюджет 10,5 млрд теңге көлемінде бекітілді.
Әкімдік қызметінің негізгі мақсаттарының бірі – аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасау.
Осы бағытта әкімдік ауданаралық аулаларды абаттандыру, тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу мен жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.

Ауданды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық қызмет көрсету
Аудан аумағында 695 аула бар. Кешенді бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2010 жылғы кезеңнен бастап жалпы құны 7,1 млрд теңгені құрайтын 495 аула абаттандырылды.
Анықтама ретінде:
асфальт-бетон жабыны жетілдіру түрлері: балалардың ойын алаңдары, сырғанақ, әткеншек, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін 7 736 бірлік мөлшерінде кішігірім сәулет үлгілерін орнату жұмыстары жүргізілді: 56 гимнастикалық тренажер залы бар 94 спорт пен ойын алаңдары құрылды.
2016 жылы жалпы құны 644,1 млн теңгеге 19 ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Анықтама ретінде:
Желтоқсан көшесі 1, 28, Сарыарқа даңғылы, 31/2, Бөгенбай батыр даңғылы, 24/1, Жангелдин көшесі, 7, Жеңіс даңғылы, 3, 5, 5/1, Ирченко көшесі, 31, Тілендиев даңғылы, 15/1, 15/2, 15/3, Аспара көшесі, 2б, 2/1, Затаевич көшесі, 11, Сейфуллин көшесі, 4/1, Ы.Дүкенұлы көшесі, 37/1, 37/2, 37/3, Павлов көшесі, 29, Күмісбеков көшесі, 8.
Ол көшелерде 10 гимнастикалық жаттығу залы, жасанды жабыны бар жаңа 7 спорт алаңы орнатылды. 11 резеңке жабыны бар балалар алаңы, кішігірім сәулет үлгілерін орнатумен бірге, 9 құм алаңы (әткеншектер, сырғанақтар, карусельдер, көлденең жолақтар, торлар, орындықтар, қоқыс жәшіктері).
Ағымдағы жылы жалпы сомасы 567,0 млн теңгеге 17 ауланы абаттандыру жоспарланып отыр. Осы абаттандыру барысында 13 креативті жоба жүзеге асырылатын болады.
Креативті жобалар қоғамдық орындарда заманауи жобалық шешімдер арқылы қалалық қоршаған ортаны жақсартуды көздейді.
«Алаңішілік аулалардың жолдарын ағымдағы жөндеу және ұстау, балаларға арналған ойын алаңдарын ауыстыру» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 37 мекенжайда 243 кішігірім сәулет үлгісі, 131 аула жаттығу алаңы, 16 дана «Workout» спорт кешені, орындықтар, урналар, сонымен қатар жасанды жабындысы бар 4 бірлік футбол алаңы орнатылды.

Сарыбұлақ өзені саласына іргелес алаңды абаттандыру
Қосшығұлұлы көшесінің алаңында (Сейфуллин көшесінің басы) мемлекеттік бағдарлама аясындағы тұрғын үй ғимараттарының құрылысы белсенді түрде жүргізілуде. Берілген ауданның сәулет үлгісін жақсарту және демалатын ыңғайлы орындардың болмауына байланысты өткен жылы Сарыбұлақ өзені саласына іргелес алаңды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Жобаға сәйкес ауданы 1600 м2 екі заманауи футбол алаңы, балалар ойын алаңдары мен қапталған гимнастикалық резеңке алаңы (1952 м2) орнатылды.
Балалар аулаларында (52 бірлік) кішігірім сәулет үлгілері мен 40 бірлік жаттығу құралы тұрғызылды.
Демалыс орындары мен жаяужолдарда төселген тас ауданы 3180 м2 алаңды құрады.
Сарыбұлақ өзені саласының іргелес алаңында жалпы ұзындығы 1200 қ.м. құрайтын қоршау орнатылды.
Берілген учаскелерді кешкі және түнгі уақытта жарықпен қамтамасыз ету үшін 77 тірек шамы және 8 бірлік жарықдиодты құрылғылар футбол алаңдарында орнатылды.
№21 үй алаңында жалпы ауданы 376 шаршы метрді құрайтын 20 көлікке арналған автотұрақ орнатылды.

Көгалдандыру және су бұрқақ кешендері
Ауданы 70 шаршы метрді құрайтын 30 саябақ орналасқан.
2016 жылы көгалдандыру және экологиялық айлық шеңберінде 1800-ден астам ағаш отырғызылды.
Бұқарбай батыр көшесінде гүлзарлар және Сарыарқа даңғылы бойында, «Гранд Алатау» ТК жанында экологиялық тақтайшаларды, сонымен қоса 18 955 шаршы метр учаскеге 3 жасыл композиция мен 6 альпілік гүлзар орнату жұмыстары жүргізілді.
2017 жылы 200 ағаш және 18 мың шаршы метрден астам алаңға гүлдер отырғызу жоспарда бар.
Аудан алаңында 10 фонтан бар. Соңғы үш жылда Мәскеу көшесінде, Абай көшесінде, Сарыарқа даңғылында 3 су бұрқақ пайдалануға берілді. Су бұрқақтарын ағымдағы күтіп ұстау жұмыстары күнделікті жүргізіледі және жыл мезгілінің суық мерзімі келіп түскен кезде олар жабылады.

Жарықтандыру
5264 көшені жарықтандыру тіректеріне, 1493 саябақ жарықтандыру мен 66 ішкі жарықтандыруға қызмет көрсетіледі.
Есепті кезеңде 1802 көше тірек шамдарды, 237 шам, 140 тірек және сыртқы жарықтандырудың 10584 метр кабелі ауыстырылды.
Сарыарқа даңғылынан Республика даңғылына дейінгі Кенесары көшесінің учаскесінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 10 троллейбустік тірек демонтаждалды, 31 темір тірек орнатылды.
«Өндіріс» тұрғын алабындағы Жолымбет көшесінде сыртқы жарықтандыру қалпына келтіріліп, 15 сыртқы жарықтандыру шамы орнатылды.
2016 жылы қалалық әкімдік ғимараты, мемле­кеттік басқару академиясы мен Мәскеу көшесіндегі телемұнараның декоративті және сәулетті жарық­тандыру жұмыстары жүргізілді. Декоративті жарық беру бойынша барлығы 200 объектіге қызмет көрсетіледі.

Санитарлық күтіп ұстау
Біздің жұмысымыздың маңызды бағыты – осы ауданның санитарлық күйін күтіп ұстау. Бұл бағытта 24 мердігерлік мекеме механикалық, қолмен тазалау бойынша қызмет көрсетеді.
Ауданда қысқы уақыт мерзімінде қарды тазалау үшін бір ауысымда 310-нан астам техника мен 594 жаяу жол жұмысшылары шығады. Мердігерлік ұйымдармен полигонға 2016 жылғы 13 қазаннан бастап 20 қаңтарға дейінгі мерзімде 721 054 м3 қар шығарылды. Өткен жылы барлығы 1 млн м3 астам қар және 35,3 мың тонна қоқыс шығарылды.
2016 жылы ауданның орталық көшелерінен қарды уақытылы шығару үшін Кенесары көшесінде тоғанда қарды еріту пункті ұйымдастырылды. Станцияның орташа өнімділігі 60 м3/сағ. Сонымен қатар, учаскеде қарды шығаруды есептеу пункті орнатылған. Барлығы 32,2 мың шаршы метр қар өңделді.
Қазіргі уақытта тасқын суға қарсы іс-шаралар жоспары әзірленді, оның шеңберінде бекітілген кес­теге сәйкес жеке тұрғын үйлердің ауласынан қарды шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тазалау кестесі аудан әкімінің ресми сайтында орналастырылған.
Ауданда 743 контейнерлі алаң, 3956 қатты тұрмыстық шығындарға арналған контейнер орнатылған.
Тиісті санитарлы жағдайды ұстап тұру үшін аудан көшелерінде 610 қоқыс жәшігі ауыстырылды.
Шағын және орта бизнес объектілеріне іргелес орналасқан аудандарды уақытылы тазалау тұрақты өткізіліп тұрады (базарлар, ойын-сауық орталықтары, үйлер, АЗС және т.б.). 2016 жылы Абаттандыру және абаттандыруды ұстау ережесін көшеттерді орнатылмаған жерде отырғызу, иттер мен мысықтарды белгіленбеген жерде серуендету бөлігін бұзғаны үшін 2407 заңды және жеке тұлғаларға жалпы құны 21 млн теңгеге айыппұл салынды.
Заңнаманың сақталуын қадағалау мақсатында жұмыс тобы Астана қаласы ІІД ЖПҚ инспекторларымен бірлесіп, 45 дана рұқсат етілмеген шлагбаумдар мен бетон блоктарын демонтаждау жұмыстарын өткізді, 179 дана иесіз автокөлік шанақтары шығарылды.
2016 жылы аудан аумағында 2453 иесіз жануар ұсталды.

Жол инфрақұрылымы
Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты Автокөлік жолдар басқармасымен бірлесіп, ауданның 31 көшесіне инерттік материалдар салу жұмыстары жүргізілді. Автокөлік жолдары басқармасы 2016 жылы аудан алаңында мына жұмыс түрлерін жүргізді:
– ұзындығы 8,8 км құрайтын 16 көшеде орташа жөндеу жұмыстары;
– «Аймақтарды абаттандыру» бағдарламасы бо­йынша жалпы ұзындығы 4,75 км құрайтын 11 көшеде жолдар мен желілерді салу.
2017 жылы ауданның 4 көшесінде жалпы ұзындығы 4,07 құрайтын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда:
1. Қосшығұлұлы көш. Күмісбеков көшесінен Бейсеков көшесіне дейінгі учаскеде;
2. Оқжетпес көш. Байсейітова көшесінен Бейсеков көшесіне дейінгі учаскеде;
3. Сейфуллин көш. Желтоқсан көшесінен Уәлиханов көшесіне дейінгі учаскеде;
4. Айманов көшесі Жангелдин көшесінен Дүкенұлы көшесіне дейінгі учаскеде жалпы ұзындығы 4,07 км.
«Қала аймағын дамыту» бағдарламасы бойынша ауданның 7 көшесінде жалпы ұзындығы 2,27 км құрайтын жолдар мен желілерді салу жоспарланған:
1. Ұлытау көш., 2 Тілендиев көшесінен Наурыз көшесіне дейін (жол салу, жарықтандыру)
2. Наурыз көш. Ұлытау, 2 көшесінен Ұлытау көшесі аяқталғанға дейін (жол салу, жарықтандыру)
3. Қима көш. Арқалық көшесінен Тілендиев даңғылына дейін (жол салу)
4. Қайнар көш. Ақмола көшесінен Тілендиев даңғылына дейін (жол салу)
5. Ұлытау көш. Арқалық көшесінен Тілендиев даңғылына дейін (жол салу)
6. Ұлытау көш. Ақтөбе көшесінен Ақмола көшесіне дейін (жол салу)
7. Шыңғыстау көшесі ауданындағы 150 жыл Абай көшесінің жалғасы (желілерді өткізу).

Қозғалыс желісін жаңғырту
Сарыарқа ауданының алаңында №3 және №5 автобус паркі бар. №3 автобус паркіндегі автобустардың саны – 110 бірлік, №5 автобус паркінде – 30 бірлік. Аудан бойынша 55 қалалық автобус қозғалысы өтеді, олардың ішінде сыйымдылығы үлкен 51 маршрут, сыйымдылығы кішігірім – 4 маршрут бар.
Тұрғындардың өтініші бойынша қозғалыс бағытын жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Осылайша, 28.11.16 ж. бастап №24 бағыт қозғалысы «Автоматика», «Нефтяников» т.а. және №39 жол айырығына дейін ұзартылды.
30.11.16 ж. бастап №120 бағыт қозғалысы «Көктал-1» т/а «Асар» қоғамдастығына дейін ұзартылды.
Аялдама пунктерін жаңғырту (жылы аялдамалар)
Сарыарқа ауданының алаңында барлығы 358 аялдама павильоны орналасқан (олардың ішінде отыратын орындар қарастырылғаны – 276, отыратын орындар қарастырылмағаны – 82).
Тоқтау павильондары – 235, тоқтау павильондары қарастырылмағаны – 123. Жылы аялдама кешендерінің жалпы саны – 9.
2017 жылы 22 бірлік жылы аялдама орнату жоспарланған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Аудан тұрғындарына жайлы тұрмысты қамтамасыз етуге арналған жұмыстар – әкімдік қызметінің басты бағыты.
Сарыарқа ауданының алаңында 1032 көппәтерлі тұрғын үй бар (жалпы ауданы – 4 086 686,2 ш.м., пәтерлер саны – 64 326).
Орталықтандырылған жылыту жүйесіне 927 үй қосылған, олардың ішінде 144 тұрғын үйде ЖРАЖ (жылуды реттеудің автоматтандырылған жүйесі), ал 752 үйде ЖЕЖ (жылуды есептеу жүйесі) бар.
Автономды жылыту жүйесінде (сұйық және қатты жағармай) – 25 үй (оның ішінде 10 үйдің жеке автономды қазандықтары бар) және 80 үй пеш арқылы жылытылады.
«Көктал» тұрғын алабындағы 10 тұрғын үй сұйық жағармай негізіндегі жеке автономды қазандықтарға қосылған: «Ақ Отау – 1, 2» ТК, «Ұлытау» ТК, «Жеті жол» ТК, «Ақ тілек» ТК, «Көктал-2» ТК.
Өткен жылыту мерзіміндегі жылу тарифі (сыртқы ауа температурасына байланысты қосылады) 1 шаршы метр үшін 250-ден 500 теңгені құрады. Аталған тұрғын кешендерде дизельді жанармайды сатып алу үшін қаражат жинау мәселесі бар, оның салдарынан жылыту маусымында пәтерлердегі жылу режимі тиісті деңгейде сақталмайды.
Аудандағы тұрғын үйлерге қызмет көрсету бойынша 138 ұйым жұмыс істейді (ПИК, ПК, ЖК, ЖШС және т.б.).
«Көктал» т/а «Астанаэнергия» АҚ аудандық қазандығына 10 тұрғын үй, №19 орта мектеп және балалар үйі қосылған.
«Жылу» МКК 5 тұрғын үй, 6 мектеп, 4 балабақша, 1 колледж, қарттар үйі қосылған.
Аудан алаңында 4 апатты-диспетчерлік қызмет (АДҚ) жұмыс істейді. Тұрғындарға апатты жағдай туралы ақпаратты жеткізу ыңғайлы болу үшін апатты жағдайлар туралы жаңалықтар Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында жарияланады.
Бекітілген кестеге тиісті «Теплотранзит» АҚ бірлесіп, тұрғын үй қорының жүйесін жылыту маусымына дайындау жұмыстары жүргізілген.
Тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша кешенді жоспарға сәйкес қызмет көрсетуші ұйымдардың күшімен мақсатты жарналар есебінен жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде электрмен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету желілерін, жабындыны, кіреберістерді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

«Аймақтарды дамыту 2020» бағдарламасын іске асыру
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде жалпы құны 814,7 млн теңгеге 38 үй қалпына келтірілді, 158 жедел саты қондырғысы ауыстырылды.
2016 жылы жалпы құны 118,9 млн теңгені құрайтын 4 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілді:
– Жеңіс даңғылы, 18 мекенжайындағы тұрғын үй құрылымын нығайтумен қатар, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, жалпы құны – 53,5 млн теңге;
– Абай даңғылы, 3 мекенжайында тұрғын үйдің шатырына жөндеу жұмыстары жүргізілді, АТП орнатылды, жалпы құны – 33,3 млн теңге;
– Бөгенбай батыр даңғылы, 43/1 мекенжайында шатырды және үйішілік электр желілерін жөндеу, жалпы құны – 16 млн теңге;
– Қарталы көш. 3/1 шатырын жөндеу, жалпы құны – 16,1 млн теңге.
2017 жылы қаржыландыру шартында С.Сейфуллин көшесі, 17 мекенжайындағы тұрғын үйге жалпы құны 38,8 млн теңгені құрайтын жөндеу жұмысын жүргізу және Бөгенбай батыр, 36а (1 жедел саты) Әуезов көшесі, 22 (3 жедел саты) мекенжайларында 4 жедел саты қондырғысын ауыстыру жоспарлануда, жалпы құны – 35,9 млн теңге. Қазіргі уақытта барлық құжаттама «Өркен қала» ЖШС бағдарламасының операторына одан әрі жұмыс жасау үшін тапсырылды.
Коммуналдық кәсіпорындар жөндеу жұмыстарын жоспарланған режимде өткізді.

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру
Ауданда 332,3 км су құбырының желісі, үшінші көтергіш 3 сорғы (ССС 7, «Көктал», «Автоматика»), көппәтерлі тұрғын үйлердің 37 су құбыры станциясы және 217 км суды бұру желісінде 45 КСС бар.
2016 жылы ауыз суды беру сапасын жақсарту мақсатында «Астана су арнасы» МКК күшімен 35 су құбыры құдықтарын тазалау, 50 дана – тартқыштарды ауыстыру мен жөндеу, 52 км сумен қамтамасыз ету желісін хлорлау, 28 бірлік – суды бұру жүйесі бойынша қосылғыштарды ауыстыру (1007 м), 50 км – гидродинамикалық желілерді шаю, 3000 құдықты тазалау жұмыстары жүргізілді.

Электрмен қамтамасыз ету
Қазіргі уақытта аудан алаңында қуаттылығы 0,4 кВ құрайтын 171 км және қуаттылығы 10 кВ құрайтын 171,1 км желі, 23 таратушы пункт (ТЖ) 226 трансформатор қосалқы станциясы (ТС) және 96 КТҚС бар. Сонымен қатар, Сарыарқа АЭС теңгерімінде релелік қорғаныс пен автоматика, электрөлшеуіш құралдары, диспетчерлік-технологиялық басқару құралдары, телемеханика мен байланыс бар.
«Астана – АӘК» АҚ күшімен ұзындығы 11 км құрайтын АЖ-10 кВ, КТҚС-10/0,4 кВ-20 дана ТҚС жабдығының күрделі жөндеу жұмысы, КТҚС-10/0,4 кВ-20 дана ТҚС, АЖ – 6,9 км техникалық қызмет көрсету АЖ-0,4 кВ-8,68 км күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.
АЖ-0,4 кВ – 8,74 км., 12 дана тіреуіш шкафтарын техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілді, тұрғын үйлердің 50 тіреуіш шкафы ауыстырылды.

Газбен қамтамасыз ету
Ауданда 520 үйді газбен қамтамасыз ететін 159 газды тарату жабдығы жұмыс істейді. Берілген үйлерге «АстанаГазҚызмет» қызмет етеді, газгольдерлерді толтыруды «Орталық газбен қамтамасыз ету» ЖШС қамтамасыз етеді.
«Астана Газ Қызмет» күшімен бекітілген кестеге тиісті 40 түтікшені техникалық тіркеу, 325 метр тозған газ құбырын ауыстыру, 4 түтікшені енгізу мен 96 түтікшені тексеру жұмыстары жүргізілді.
Инженерлі желілердің 587 ашық құдығын жабу бойынша жұмыстар атқарылды.

Кондоминиумды тіркеу
Бүгінгі таңда кондоминиум тіркеуі жоқ 315 үйдің 288-і тіркелді, қалған 27 үйді 2017 жылы тіркеуден өткізу жоспарлануда.

Бейнебақылау камераларын орнату
Аула ауданының санитарлық күйін тұрақты қадағалап отыру үшін ауданның тұрғын үйлеріне қызмет көрсету ұйымдардың басшыларымен бірлесіп, бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Бейнебақылау камералары көппәтерлі тұрғын үйлер периметрі бойынша аула алаңдарына, автотұрақтарға орнатылады.
Бүгінгі күні Сарыарқа ауданында 247 тұрғын үйде 2 778 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның ішінде, криминогендік қаупі жоғары аудандарда орналасқан үйлерде орнатылған.
Анықтама ретінде:
– ТЖ вокзалының және автовокзал ауданы: барлығы 106 үй, олардың ішінде 14 үйде 77 бейнебақылау камерасы бар;
– «Арман» дүкенінің ауданы: барлығы 56 үй оның ішінде үйде 86 камера бар;
– «Махаббат 1, 2» ТК: барлығы 18 камера;
– «Лея» ТК: барлығы 38 камера.
Одан басқа, ауданның балабақшаларын бейне­бақылау жүйесімен қамтамасыз ету жұмыс­тары жүргізілуде. Барлығы 34 балабақшада 448 бей­небақылау камерасы орнатылған.
Аталған жұмыс түрлері 2017 жылы да жалғасады.

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы жөндеу жұмыстары
Білім беру объектілерін 2012-2016 жж. жылыту маусымына дайындау шеңберінде 8 бақшада жалпы құны 554,3 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, ағымдағы жөндеу жұмыстары 29 бақшада 218,6 млн тг жүргізілді.

Қасбеттерді жөндеу жұмыстары
Жалпы, 3 жылда құны 488,0 млн теңгені құрайтын 132 тұрғын үйдің фасадына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2016 жылы 29 тұрғын үй фасады қалпына келтірілді.
Анықтама ретінде:
Есенберлин көшесі, 11, 13, 14, 15, 16, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 26, Абай даңғылы, 3, Жангелдин көшесі, 4, Сарыарқа даңғылы, 32, Жеңіс даңғылы, 16, 54, 56, 66, 69, 70, Бейбітшілік көшесі, 32, 54, 56, Республика даңғылы, 5/1, 23, 72, Сейфуллин көшесі, 22.
2017 жылы жалпы құны 173,0 млн теңгені құрайтын 14 тұрғын үй фасадын жөндеу жоспарланып отыр.

Апатты-ескі үйлерді көшіру
«Аудандарды 2020 жж. дейін дамыту» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Астана қ. апатты-ескі үйлерді көшіру бойынша пилоттық жобаға сәйкес 2013-2017 жж. аралығында ауданы 91 584,3 ш.м. (2 071 пәтер) құрайтын 129 апатты-ескі үйді көшіру жоспарланып отыр ( 2013 ж. – 4 үй; 2014 ж. – 19 үй; 2015 ж. – 11 үй (сот арқылы – 1 үй); 2016 ж. – 33 үй (сот арқылы – 5 үй); 2017 ж. – 62 үй).
2016 жылы көшіруге тиесілі ауданы 22 277,4 ш.м. (446 пәтер) 33 үйдің ішінен бүгінгі күні 28 үй көшірілді (346), тұрғындары Қобыланды батыр-Бурабай және Ш.Айтматов көшесі, 29а мекенжайындағы тұрғын үй кешендеріне көшірілді. 1 үйді көшіру жұ­мыстары жүргізіліп жатыр. Қалған 5 үйде В (1 пәтер, 6 тұрғын емес) пәтер мен тұрғын емес ғимарат иегерлерінің көшуден бас тартуларына байланысты сот арқылы шешу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2017 жылы ауданы 54 630,5 ш.м. (1 287 пәтер) құрайтын 62 апатты тұрғын үйдің тұрғындарын Айтматов және Сығанақ көшелері қиылысында орналасқан тұрғын үй кешеніне көшіру арқылы босату жоспарлануда.
Пилоттық жобаның басынан бастап 61 апатты үй (726 пәтер) көшірілді. 6 үйде (2 пәтер, 6 тұрғын емес ғимараттар) пәтер мен тұрғын емес ғимарат иегерлерінің көшуден бас тартуларына байланысты сот арқылы шешу жұмыстары өткізіліп жатыр.
Екінші кезеңде 2018-2020 жылдары аралығында 135 үйді бұзу жоспарланған.
Бүгінгі күні көшірудің бірінші және екінші кезеңіне өтпеген 85 апатты тұрғын үй тізімі үйлестірілді, Астана қ. Тұрғын үй басқармасына техникалық зерттеуден өткізу үшін жолданды.

Құрылыс
2016 жылы 122 мың м2 тұрғын үй (пәтер саны – 1212), 172 мың м2 алаңында орналасқан 65 әлеуметтік-мәдени нысан пайдалануға берілді.

Білім беру объектілерін дамыту
2016 жылы 3 объектінің құрылысы аяқталды, оның ішінде:
1. «Көктал-2» т/а 240 орынға арналған балалар­дың тәулік бойы болуына рұқсат берілетін мектепке дейінгі санаторлы мамандандырылған мекемесі.
2. Конституция, 24 мекенжайда қолданыстағы №26 орта мектепті көшіру арқылы жаңа білім беру мектебі;
3. «Рябинка» №4 балабақшасына құрылыс.
2017 жылы 800 орынға арналған 2 ПТМ және білім бері орталығына жанама құрылысы аяқталады, оның ішінде:
– Сарыарқа ауданы 187-көшесінде 800 орынға арналған мамандандырылған-техникалық мектеп құрылысы (құрылыс бағыты).
– Сарыарқа ауданы Бөгенбай батыр көшесінде 800 орынға арналған мамандандырылған-техникалық мектеп құрылысы (электрмен қамтамасыз ету).
– Қарасай батыр көшесі бойындағы жалпы білім беру кәсіптік оқу орталығы ғимаратына қосымша құрылыс.
Сонымен қатар, 2017 жылы 3 600 орынға 3 жалпы білім беру мектебінің құрылысын бастау жоспарланған.
– Қарталы және Оқжетпес көшелерінің қиылысында 1200 орындық мектеп;
– Оқжетпес және Ш.Бөкеев көшелерінің қиылысында 1200 орындық мектеп;
– Абай даңғылы және Т.Бигелдинов, К.Күмісбеков көшелерінің қиылысында 1200 орындық мектеп;
Аталған нысандарды пайдалануға беру 2018 жылға жоспарланған.

Тұрғын үй құрылысын дамыту
2016 жылы жергілікті бюджет есебінен Боталы көшесі, №26 үй ауданы бойындағы жатақхана пайдалануға берілді.
2017 жылы аймақтарды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін ЖАО-да жалға беру үйіне кезекте тұрушыларға үй салу бағытында құрылыс жалғасатын болады:
– Тілендиев даңғылының оңтүстігінде Сарыбұлақ бұлағы бойымен көпсалалы тұрғын үй кешені (жалпы аумағы 22,9 мың шаршы метр болатын 530 пәтер) 2018 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
Сонымен қатар, 2017 жылы келесі нысандарды пайдалануға беру жоспарланған:
– Тілендиев даңғылының оңтүстігінде Сарыбұлақ бұлағы бойымен көпсалалы тұрғын үй кешені (62 пәтер, жалпы аумағы 3,20 мың шаршы метр).
– «Көктал» тұрғын алабының оңтүстік-шығысында тұрғын үй кешендерінің құрылысы (1 кезек) 293 пәтер, 16,30 мың шаршы метр.

Мемлекеттік мекемелер нысандарын дамыту
Осы бағдарлама шеңберінде 2016 жылы Респуб­лика даңғылы, 52 бойынша орналасқан әкімшілік ғимаратты жаңарту аяқталды (Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимараты).
2017 жылы Күмісбеков, №5 көшесі бойынша орналасқан ІІД арнайы жедел әрекет жасағының ғимаратына қайта жаңартуды бастау жоспарланған.

Кәсіпкерлік
Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау аудан қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады.
Ауданда 42802 шағын бизнес субъектісі тіркелген, оның ішінде заңды тұлғалар – 11 977, жеке кәсіпкерлер – 30825.
Сарыарқа ауданы аумағында 1816 кәсіпкерлік объектісі орналасқан, оның ішінде 62 сауда үйі және әмбебап дүкендері, 605 дүкен, 226 қоғамдық тамақтану нысаны, оның ішінде 66 мейрамхана, 160 дәмхана, 616 қызмет көрсету нысаны.
«1000 орындық көше саудасы» бағдарламасы бойынша 152 орын бөлінген. Барлығы 89 дүңгіршек орнатылған.
Сонымен қатар, тұрғындарды сапалы және арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы 110 ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, оның барысында шамамен 8,9 мың тонна өнім іске асырылды. Барлығы 2,7 млрд теңге сомасына тауар сатылды.
«ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі қарса­нында туристік инфрақұрылымды одан әрі дамы­ту үшін ауданда ауқымды инфрақұрылымдық өзгерістер жүргізіледі, олар қала қонақтары үшін қаланың тартымдылығын одан әрі арттырады.
2016 жылы ауданда өкілетті органдармен Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, кәсіпкерлер үшін 30 семинар-мәжіліс өткізілді.
Заңсыз кәсіпкерлік қызметке жол бермеу мақсатында есептік кезеңде 139 заңсыз орнатыл­ған уақытша объектілер (павильондар мен дүңгіршектер) демонтаждалды.
Сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірлесіп, заңсыз орнатылған жарнамаларды анықтау бойынша шаралар жүргізілді, бір жылдың ішінде 498 бірліктен астам рұқсатсыз орнатылған жарнама құрылымдары иелерімен демонтаждалды.
Сондай-ақ, бірінші қабат нысандарындағы жарық маңдайшаларындағы ақаулықтарды зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілді, барлығы 255 нысанда ақаулықтар жойылды.
Аудан бойынша белгіленбеген орындарда сауда жасау фактілерінің жолын кесу бойынша мобильді топ мүшелері құрамында аудан әкімінің аппараты, Сарыарқа ауданы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы, Аумақтық ветеринарлық қадағалау инспекциясы, Астана қаласы Сарыарқа ауданының ІІД ЖПҚ-мен бейберекет сауда фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілуде (велосипедтер, машинкалар, балмұздақ, салқындататын сусындар, халық тұтынатын өнімдер, көкөніс шатырлары, бақша өнімдері, түрлі-түсті металдарды заңсыз қабылдау т. б.).
2016 жылы барлығы 1 729 адам әкімшілік жазаға тартылды, оның ішінде ескертілді – 1 515 адам, 214 адамға 3,4 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2016 жылы Сарыарқа ауданында субсидиялау бойынша жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге 18 жоба қолдау тапты.

Ауданда 2 тұрғын үй алабы бар: «Көктал» және «Өндіріс». 6 жоғары оқу орны, 16 колледж, 33 мемлекеттік мектеп, 34 мектепке дейінгі балабақша бар.
Ауданда 24 денсаулық сақтау нысаны, 5 театр, 9 кітапхана орналасқан.
Аудан халқының саны 357 314 адам (01.05.2016 ж. жағдай бойынша), бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға артық көрсеткіш

Әлеуметтік сала
Есептік кезеңде аудандағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты деңгейде сақталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын және 100 нақты қадам бойынша бес институционалдық реформаларды жүзеге асыруды түсіндіру мақсатында 10 мыңнан астам адамды қамти отырып, еңбек ұжымдары мен ұйымдарда 44 ақпараттық-насихаттау іс-шарасы өткізілді.
Мәдениет деңгейін көтеру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2016 жылы 30 мыңнан астам адамды қамти отырып, 125 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «25 ізгі іс» акция­сы өткізілді, акция барысында 25 іс-шара өткізілді, жалпы қамтылған халықтың саны 10 мың адамды құрады. Аудан және қаланың барлық іс-шараларында ҰОС ардагерлері және аудан зейнеткерлері белсенді қатысады. Аудан аумағында барлығы 27 000 зейнеткер, 50 ҰОС ардагері, 1800-ге жуық тыл жұмыскері тұрады.
Астана қаласы әкімінің бастамасымен «Астана – мейірімді қала» акциясы шеңберінде Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратымен 1000 әлеуметтік осал, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді.
Жүргізілген акция қорытындысы бойынша азық-түлік жиынтығы 851 адамға таратылды.
Сондай-ақ, Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратымен 10 отбасын қатты отынмен қамтамасыз ету, 10 отбасына құрылыс материалдарын апару арқылы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Аудан әкімі аппаратына келіп түскен өтініштер бойынша 53 отбасы және 245 зейнеткерге әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 3 дәрежелі екі жақты құлақ мүкістігі ПСДТ диагнозымен 1 балаға есту аппараты берілді.
Акция қорытындысы бойынша 1210 қала тұрғынына әлеуметтік көмек көрсетілді.
ҚР Президентінің Жарлығымен 2016 жылы 46 көпбалалы аналар марапатталды, соның ішінде «Алтын алқа» – 13, «Күміс алқа» – 33.
Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауданда аудан тұрғындарын тарта отырып, ұйымдар, кәсіпорындар және мемлекеттік мекемелердің арасында спорттық іс-шаралар өткізіледі. Сайыстар шағын футбол, баскетбол, қол күресі, шашки, шахмат, қазақша күрес және басқа да ойын түрлері бойынша өткізілді.
Аулаларды абаттандырудың артуына байланысты жаз мезгілінде аула балаларының арасында шағын футбол, баскетбол, «Көңілді старттар» спорттық ойындарды өткізу дәстүрге айналды.
Есептік кезеңде Астана қаласының Дене тәрбиесі және спорт басқармасымен бірлесе отырып, барлығы 32 спорттық іс-шара өткізілді, оған 15 000 адам қатысты.
Қазіргі уақытта аудан аумағында Сарыарқа даңғылының бойында хоккей корты, мұз айдындары және сырғанақтар ашылған және жұмыс істейді.
Астана қаласының Дене тәрбиесі және спорт басқармасымен бірлесе отырып, 2017 жылы спорттық іс-шараларды өткізу жоспары бекітілген.
Діни ахуал тұрақты болып қалуда. Сарыарқа ауданында 14 діни бірлестік тіркелген. Сарыарқа ауданының аумағында діни ахуалды тұрақтандыру мақсатында Астана қаласы Сарыарқа ауданының аппараты жанында Сарыарқа ауданында терроризм зардаптарын барынша азайту және діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыс тобы құрылды.
Есептік кезеңде ауданда негізгі дәстүрлі конфессиялар ислам және православия көшбасшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімінің аппаратымен Сарыарқа ауданы ІІБ-ның ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесіп, діни мазмұндағы әдебиеттерді заңсыз таратуды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.
Сарыарқа ауданында мекенжай әлеуметтік көмегіне мұқтаж азаматтар бойынша комиссия құрылды және жұмыс істейді (МЖӘК). Мекенжай әлеуметтік жәрдемақысын алған отбасылар саны – 64, оның ішінде алушылар – 278 адам.
«2016 жылға арналған Астана қаласының халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын» іске асыру мақсатында «Жұмыспен қамту орталығы» КММ арқылы балабақшаларды күрделі жөндеу, абаттандыру жұмыстарын жүргізуге тартылатын, сонымен қатар өз бетінше жұмысқа орналасқан тұлғалардың мониторингін жүргізу арқылы ауданда жұмыссыздар санының есебі жүргізіледі.
2017 жылдың 1 қаңтарына өз бетінше жұмысқа орналасқандар – 2211 адам (110%), оның ішінде 78 адам – Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша.
Сарыарқа ауданында барлық жұмысқа орналастыру түрлері бойынша Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 85 адам қамтамасыз етілген.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс
2016 жылы Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратына 17 365 кіріс хат келіп түсті.
1292 азаматтың өтініштері мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштері қарастырылды.
Аудан тұрғындары өтініш жолдаудың электронды форматын белсенді қолдана бастады. Осылайша, аудан әкімінің ресми сайтына 245 өтініш келіп түсті, олар 100% орындалды. «Әкімге өтініш» айдары бойынша 96 азаматтың өтініші қарастырылды.
2016 жылы Сарыарқа ауданының әкімі және оның орынбасарлары 367 адам қабылдады.
Есептік кезеңде «Көктал» және «Өндіріс» тұрғын алаптарының тұрғындарымен, сонымен қатар ауданның орталық бөлігінің және Қосшығұлұлы (мемлекеттік бағдарлама) көшесі тұрғындарымен 6 орынға шығу арқылы кездесулер өткізілді.
Анықтама ретінде:
Осының нәтижесінде бірқатар мәселелер шешімін тапты, атап айтқанда:
көшені жарықтандыру бойынша қалпына келтіру жұмыстары өткізілді (Мұнайшылар);
көше шамдарын іске қосу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді (ООТ);
Шонанұлы, Ойыл, Нарын, Школьная көшелеріне инертті материал төсеу және тегіс емес жерлерін тегістеу, сондай-ақ 188-көшесі бойынша шұңқырларды көму бойынша жұмыстар жүргізілді;
Сарытүбек, Матросов, Көкшетау көшелерінде және Ақкөл орамында арықтарды тереңдету және тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді;
Бабатайұлы көшесі, 8/1 мекенжайы бойынша шағын сәулет нысандарын ағымды жөндеу жүргізілді;
Сейфуллин көшесі, 21 бойынша дүңгіршек демонтаждалды;
Нұра орамы және Бабатайұлы көшесі бойынша «жасанды кедергілер» орнатылды.
2017 жылы тұрғындармен кездесулер жалғасатын болады.

Аудан тұрғындарымен кері байланыс
Аппарат қызметінің ашықтығын және айқындығын, тұрғындар үшін қол жетімділікті қамтамасыз ету, аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін жедел шешу мақсатында әртүрлі коммуникациялық әдістер қолданылады.
Аудан әкімінің жеке ұялы телефонының нөмірі (+7-701-911-06-00) қалың жұртшылыққа жарияланды.
Ақпараттық кеңістікте аудан әкімінің жеке ұялы телефон нөмірі жарияланған күннен бастап, яғни 2016 жылдың 23 желтоқсанынан бастап 349 өтініш келіп түсті.
Ауданның тыныс-тіршілігі саласын қозғайтын 312 сұрақ (90%) бойынша нақты және шұғыл шаралар қолданылды. Әкімдіктің жауапты қызметкерлері және коммуналдық қызмет мамандары тиісті жұмыстарды атқарды, яғни туындаған мәселелерді шешу үшін толық ақпарат ұсынылып, кеңестер берілді.
Сонымен қатар, аудан әкімінің құзыретіне кірмейтін сұрақтар да түсетіндігін атап айтқан жөн. Бірақ бұл – тұрғындардың 37 өтініші (10%) қараусыз қалды деген сөз емес. Мұндай жағдайда әрбір өтініш түсірушіге аудан әкімдігі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құзыретті органдарға және қала кәсіпорындарына тиісті хаттар жолданды.
«Сарыарқа Сall-center»-і белсенді жұмыс істейді, Facebook және Instagram танымал әлеуметтік желілерінің парақшаларына өтініштер түседі, әкімдіктің ресми сайты да жұмыс істейді, онда біздің ауданның ең көкейтесті мәселелеріне тұрақты мониторинг жүргізіле отырып, әрбір сұрақ талданып қарастырылады.
Әкімдікпен жоғарыда аталған әлеуметтік желілердің негізінде апта сайын нақты тақырыпқа бағытталған «Күн сұрағы» айдары іске қосылды, онда әкімдіктің кәсіби бөлімдерінің басшылары өз құзыреті шеңберінде ең өзекті мәселелерге жауап береді.

«Аймақтарды дамыту 2020» бағдарламасын іске асырушеңберінде жалпы құны 814,7 млн теңгеге 38 үй қалпына келтірілді, 158 жедел саты қондырғысы ауыстырылды. 2016 жылы жалпы құны 118,9 млн теңгені құрайтын 4 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілді

Мүлікті (ақшадан басқа) жария ету
Барлығы Мүлікті (ақшадан басқа) жария ету комиссиясына 10 071 нысан бойынша 3746 өтініш түсті.
Ұсынылған құжаттардың ҚР заңнама талаптарына сәйкес келмегендіктен және толық емес құжаттарды ұсынуына байланысты 5 479 нысан бойынша құжаттар қайтарылды.
Жалпы сомасы 9 049 796 мың теңгені құрайтын 4 592 жылжымайтын нысан бойынша мүлікті жариялау туралы оң шешім қабылданды.
Сарыарқа ауданы аппаратымен 28 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілді, осы орайда бюджетке 19,0 млн теңге түсті.

Қоғамдық құқық тәртібі
Ішкі істер басқармасы қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Сарыарқа ауданы Ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметінің 129 қызметкері, құқықтық бағыттағы қоғамдық құрылымдардың 326 өкілі жұмылдырылды.
2016 жылы аудандағы жедел жағдайды тұрақ­тандыру мақсатында 96 іс-шара ұйым­дастырылды, оның ішінде 35 жедел алдын алу, 51 локальді-рейдтік іс-шара, 10 акция өткізілді.
Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 8,8% (7045-тен 6428-ке), көшелерде, демалыс орындарда және алаңдарда жасалған қылмыстар 17,9%-ға (4340-тан 3563-ке) төмендетілді.
Сонымен қатар, тұрғындармен 376 есептік кездесу өткізілді, оған 8 мың адам қатысты. Ауданда криминогендік жағдайды жақсарту мақсатында 216 бейнебақылау камерасы орнатылды.
Біз 2017 жылы ауданымыздың дамуына бағытталған ауқымды жобаларды және әртүрлі бастамаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз.
Астанада Қазақстан үшін ауқымды және орасан зор оқиға болып табылатын «EXPO-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Әлемнің әр түпкірінен елордаға 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейін милиондаған адам келеді деп күтілуде.
100-ден аса мемлекет қатысатын осы маман­дандырылған көрмені өткізуге және ұйымдастыруға біз бар күшімізді салып, қажетті шараларды жасаймыз.
Алға қойылған барлық жоспарларды бірлесіп, аудан тұрғындарының көмегімен жүзеге асыратынымызға сенімдіміз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + twelve =