«Сары» деңгей бес айға ұзартылды

0 239

Еліміздің аумағында енгізілген бірқалыпты «сары» террорлық қауіп-қатер деңгейінің мерзімі 2017 жылғы 15 қаңтарға дейін созылды. 

011

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы хабарлайды. Белгілі оқиғалардан соң, атал­ған деңгейді 30 тәулікке созу бойын­ша шешім ағымдағы жылдың 16 шілдесінде қабылданған болатын. Оның мерзімі аяқталуға жақын қалғандықтан қайта ұзартылып отыр.
Аталмыш шешімді Ұлттық қауіп­сіздік комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Прези­дентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 «Терроризм актісі қате­рінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Жарлығы талаптарына сәйкес қабылдады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − nineteen =