Саркози неге жаза тартты?

0 60

Франция соты елдің бұрынғы президенті Николя Саркозиді сыбайлас жемқорлыққа және судьяға пара беруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Бірақ оның екі жылын шартты түрде өтейтін болды.

Саркози айыптауларды жоққа шығарып, бұл «саяси оппоненттердің қудалауы» деп санайды. Осы уақытқа дейін Франция президенттерінің біреуі ғана өкілеттігі аяқталғаннан кейін бір рет сотталды, бірақ оның өзінде түрмеде отырған емес (ол 2011 жылы өкілеттілігін асыра пайдаланды және қоғамдық қорлардағы ақшаны тиімсіз жаратты деген айыппен шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырылған Францияның экс-президенті Жак Ширак).
Николя Саркозиге қатысты тергеу өткен жылы күзде басталған еді. Осы кезде бұқаралық ақпарат құралдары 2007-2012 жылдары елді басқарған 65 жастағы Саркози 10 жылға бас бостандығынан айырылып, 1 млн еуро көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін деп жарыса жазып жатты. Тергеушілер алдымен 2007 және 2012 жылдардағы екі сайлау науқанын қаржыландыруды мұқият тексерді. Саркозиге қарсы басқа да айыптар тағылды, олар: сыбайлас жемқорлық және қызмет бабын асыра пайдалану. Айыптау Саркози мен оның адвокаты Тиерри Эрзогтың телефон арқылы сөйлескен жазбаларына негізделген, ол экс-президентпен бірге айыпталды. Істің материалдары бойынша, Николя Саркози 2014 жылы адвокаты арқылы экс-президентке қатысты басталған кассациялық сотта тергеу мәліметтерін алу үшін прокурор Жильбер Азиберді сатып алмақ болды деп айыпталды. Болжам бойынша, 2007 жылы Саркозидің сайлауалды кампаниясын L’Oreal компаниясының мұрагері, миллиардер Лилиан Беттанкур заңсыз қаржыландырған. 2013 жылы Саркози бұл күдік бойынша ақталып шыққан. Бірақ Әділет министрлігі оның қорғаушысымен сөйлескен әңгімесін жазып, сол келіссөздер экс-президентке қарсы басқа істің ашылуына себеп болыпты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × three =