Сарай мерейтойының салтанаты

0 138

2006 жылдың күзінде Астанада Бейбітшілік және келісім сарайы бой көтерді. Белгілі британдық сәулетші Норман Роберт Фостердің жобасымен салынған пирамида пішіндес ғимараттың ұшар басын суретші Брайн Кларк безендірді. Онда еліміздегі бірлік пен ынтымақтың символындай 130 көгершін бейнеленген.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Сарайдың ашылу салтанатына атақты опера әншісі, классикалық музыканың жарық жұлдызы Монсеррат Кабалье қатысып, ән салды. Содан бері де сарайда әлемге әйгілі талай тұлғалар өнер көрсетті. Бүгіндері Бейбітшілік және келісім сарайы елорданың маңызды мәдени ошағына айналды.

14 қазан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Бейбітшілік және келісім сарайы 10 жылдық мерейтойын концертпен атап өтеді. Кешті сарайдың «Pyramid Dance Group» шығармашылық би ұжымы көңілді мюзиклмен ашады. Мерекелік шарада сарайдың тарихынан сыр шертетін театрландырылған қойылым көрермендерге ұсынылады.

Ерекше барабан шоуы кештің қызығын арттырып, елорда тұрғындары мен қонақтарына жағымды көңіл-күй сыйламақ. Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздары мерейтойға ортақтасады. Олардың арасында беларус, армян, өзбек, славян және украин этномәдени бірлестіктерінің өкілдері болады.

Мерекелік кештің арнайы қонағы – Ресей эстрадасындағы танымал «Пицца» тобы белгілі композицияларын орындайды.

Концерт сағат 19.30-да басталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − nine =