САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

0 158

1334728943_rebenok-i-setka_0

Бұқаралық ақпарат құралдарынан қаншама рет құлағдар қылсақ та, ата-аналардың әлі де болған жәйттен сабақ алмайтынына біраз отбасыға қайғыдан қан жұттырған биылғы статистика дәлел. Тек биылғы жарты жылдың ішінде Астанада 25 жас баланың биіктен құлау фактісі тіркелді.

Әлбетте, бұл – бірінші кезекте балаға бейқам ата-аналардың кінәсі. Өйткені өздері үйде болмаған кезде терезелерді қымтап жабуды ұмытып кетеді, тіпті пәтердегі жиһаздардың бала терезенің алдына оңай шығып кететіндей қылып орналасуы да қайғылы жағдайларға душар қылатыны жасырын емес.

Оның ішінде болмашы ғана салмақ түссе, дар айырылып жыртылып кететін москитті тордың кесірінен 5 бала мертігіп, опат болды. Оқыс оқиға салдары өлімге әкеп соғатыны өз алдына, бел омыртқа мен сүйектердің сынуынан, ішкі ағзаларына, миына зақым келуінен, күретамырлардың жарылып кетуінен мүгедек боп қалған жеткіншектерге обал-ақ.

Дәрігерлік тәжірибеміз көрсеткендей көбінесе жарақат алған жанға дер кезінде көмек жасалмағандықтан, жағдай асқынып кететініне көзіміз жетіп отыр. Сондықтан осындай оқыс оқиға куәгері бола қалсаңыз, қарап тұрмай мынадай қарекеттерге көшкеніңіз абзал:

• Шұғыл түрде жедел дәрігерлік көмек шақыртыңыз, мекенжай мен оқиға туралы дәл қалпында баяндаңыз;

• Егер жас бала ақыл-есін жоғалтпаған болса, оны өздігінен қимылдатпауға тырысыңыз;

• Ал, есінен танып қалған жағдайда, оны кері аудармаңыз, себебі бел омыртқаға зақым келсе, жағдайды одан әрі ушықтырып жіберуіңіз мүмкін;

• Күретамырдың соғысы мен тыныс алуын тексеріңіз, тек демалысы нашарлағанда ғана баланы шалқасынан жатқызып, жасанды тыныс алдырыңыз;

• Егер де қан тоқтамай жатса, жарақатты таза дәке немесе орамал сияқты қолда бар затпен таңып тастаңыз.

Қандай жағдай болса да науқасты жалғыз қалдырмаңыз, себебі айналада жағдайды білмей жатып, өзім білемдікке салып көмек бергісі келетін адамдар табылып қалуы мүмкін, бұл науқастың жағдайын одан әрі ауырлатып жібереді.

Ал, ата-аналарға айтарымыз: москитті тор самалдыққа жақсы болғанмен, сақтыққа жарамайтын материал, сондықтан мүмкіндігінше терезелерге кішкентай балалар өз бетінше ашып-жаба алмайтын арнаулы бекіткіштер орнатыңыз. Ең абзалы, баланы үйде жалғыз тастап кетпеңіз.
Д.Школьный,

№2 қалалық балалар ауруханасы травмпунктінің ординатор-дәрігері

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − 11 =