Сақтық шараларын сақтау керек

0 51

Елорда әкімдігінде ТЖ алдын алу және салдарын жою бойынша комиссия отырысы өтті. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен өткен жиында карантин шараларын сақтау және шомылу маусымына дайындық мәселесі талқыланды.Қалада коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін санитарлық-профилактикалық жұмыстар істелуде. Қазір студенттер мен оқушылардың қаладан шығу және кіру алгоритмі, әлеуметтік осал топтың, әсіресе аз қамтылған халықтың КВИ-на талдауды тегін жасау мәселесі қаралып жатыр. Тағы бір маңызды мәселе алдағы шомылу маусымына дайындық. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Есен Байыровтың айтуынша, осы күні елордада 90 тыйым салу белгісі, 20 ақпараттық стенд, 20 қалқымалы белгі орнатылды. Жалпы, суға түсу маусымы кезінде күн сайын жеке құрамның 20 қызметкері, 14 қайық патрульдеуге шығады. Сондай-ақ қоғамдық құтқарушылар мен қала әкімдігінің азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығының 15 маманы жұмылдырылады.
Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жиынды қорытындылай келе, қалалық жағажайлардың абаттандырылуы мен судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігін айтты. «Күн жылынып, суға түсу маусымының ерте бастауына орай, қала аумағындағы тегін жағажайлар ашыла бастайды. Оларды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес абаттандыру керек. Жағажайларда басқа да қажетті құралдардан бөлек судың температурасы, тереңдігі мен басқа да маңыз­ды мәліметтерді қамтитын ақпараттық стенд орнатылуы тиіс. Тұрғындар жағажайда карантин мен санитарлық нормаларды сақтауы керек» деді әкімнің орынбасары. Бақтияр Мәкен балалардың судағы қауіпсіздігі үшін алдымен ата-аналары жауапты екенін еске салды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 3 =