Сақтандыру салалары

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

0 23

Міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру жүйесін жүзеге асыруда оның бірнеше деңгейін қамтып қарас­тырған жөн.Бірінші деңгей – бұл республиканың барлық азаматына көрсетілетін кепілдендірілген тегін медициналық көмек. Медициналық көмектің екінші деңгейі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жасалған аударымдар мен жарналар есебінен көрсетілетін қыз­мет. Ол бойынша емханаларда әрдайым қолжетімді болмаған медициналық қызметтердің аясы кеңейе­ді. Қызметтер қатарына стоматологиялық, жоғары технологиялық қызметтер, КТ, МРТ өткізу, сондай-ақ бейінді мамандардың кеңесі мен медициналық оңалту жатады.
Екінші деңгейлі көмекті мемлекет тарапынан алатын азама­ттар санатына бала күтіміне байланыс­ты демалыста жүрген аналар, балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер кіреді. Жұмыс істейтін азаматтар үшін жарналар мен аударымдар жұмыс беруші тарапынан жүргізіледі. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ай сайын 2,5 мың теңге көлемінде МӘМС бойынша ақы төлеу­ге тиіс.
Алдағы уақытта МӘМС аясында мектеп медицинасына ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде емханалардың барлығы қымбат құрал-жабдықтармен қамтылмағандықтан, медициналық мекемелер халыққа қызмет көрсету үшін басқа ұйымдармен келісімшарттар жасайды. «Барлық жолдамалар емхана арқылы жүзеге асырылады. Егер емханада қажетті кабинеттер немесе мамандар жоқ болса, онда олар келісімшарт негізінде аудандағы стоматология­лық клиникаға емделушілерді жібере алады. Мұндағы негізгі талап – барлық жеке медициналық клиникалардың лицензиясы болуы қажет және олар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызмет көрсетушілері тізілімінде болуы тиіс» дейді елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.

Азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек қалай көрсетіледі?

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Заңының 2-бабына сәйкес Қазақстан Респуб­ликасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақ­стан Рес­публикасының азаматтарымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтарды тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады.
Міндетті сақтандыру туралы заңның 26-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың 12 әлеуметтік тұрғыдан қау­қарсыз санаттары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын төлеуден босатылған.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Тегін медициналық кепілдендірілген көмек ұсынуға қатысты, «Халық денсау­лығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстнің 88-бабының 5-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халық­аралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.
«Шетелдiктердiң құ­қық­тық жағдайы туралы» Заңның 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдiктер әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады. Осыған байланысты, ҚР аумағында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ҚР азаматтарымен әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiндегі теңдігін ескере отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Заң жобасының тұжырымдамасында Қазақстан азаматтарымен қатар оларға тегін медициналық кепілдендірілген көмек алуда тең құқық беру ұсынылады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйе­сінің бірнеше деңгейі

  1. Республиканың барлық азаматына көрсетілетін кепілдендірілген тегін медициналық көмек.
  2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жасалған аударымдар мен жарналар есебінен көрсетілетін қызмет.

Азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек қалай көрсетіледі?

Міндетті сақтандыру туралы заңның 26-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың 12 әлеуметтік тұрғыдан қауқарсыз санаттары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын төлеуден босатылған.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Тегін медициналық кепілдендірілген көмек ұсынуға қатысты, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстнің 88-бабының 5-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы ратификация­лаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды