Сақтандыру сабағы

0 39

Нұр-Сұлтан қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 балалар кітапханасында «Қауіпсіз жаз-2020» атты жас оқырмандар арасында сақтандыру сабағы өтті.

Бұл іс-шара кітапхананың жазғы ауласында ұйымдастырылды. Қазір балалар жазғы демалыс­та жүр. Сондықтан олар қолы бос уақытында ата-­анасымен немесе бауырларымен суға шомылуға барады. Саябақтарға барып демалады. Сондай кезде жеткіншектер қан­дай талаптарды есте сақтау керек? Соның бәрі сақ­тандыру сабағында егжей-­тегжейлі түсіндірілді.
– Біз бұл сабақты жылда өткіземіз. Өйткені балалар жазғы каникулда абайлап жүрсе екен дейміз. Әсіресе, суға шомылу мен жол жүру ережесін естен шығармаған дұрыс. Аулада танымайтын адаммен сөйлеспеу керек. Содан соң коронавирусқа байланысты санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажет, – дейді кітапхана меңгерушісі Марал Ақтаева.
Іс-шара соңында балаларға қауіпсіздік ережелері жазылған ескертпе қағазы берілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × one =