«Сақалды» құрылыстар сұраусыз қалмайды

0 45

Елордада биыл 8 мыңға жуық үлескер өз пәтерінің кілтін алады. Қала әкімі Алтай ­Көлгінов құрылысы ұзаққа созылған нысанның құрылыс барысымен танысып, өзінің Instagram ­парақшасында оқиға барысымен бөлісті.«Баспана Көктал» тұрғын үй кешені 5 жылдан бері проблемалық құрылыс санатында келеді. Ондағы үлескерлердің саны 530-дан асады. «Бұрынғы құрылыс салушы бірнеше қабатты заңсыз салған. Мысалы, 5 қабаттың орнына 9 қабат үй салған, ал 9 қабаттың орнына – 12 қабат. Үйлердің барлығы үлескерлерге сатылды» деп жазды елорда әкімі.
Қолданыстағы нормаларға сәйкес 6 қабаттан тұратын ғимарат лифтпен қамтамасыз етілуі тиіс. Осыған байланысты аталған үйлерде лифтілерді орнату үшін қалқаларды бөлшектеу жүргізіледі және өртке қарсы эвакуациялық сатылар орнатылатын болады. «Өткен жылы бірқатар проблема болды, басым бөлігі шешілді. Үй «Елорда құрылыс компаниясы» қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынады. Жалпы, биыл 20 көппәтерлі тұрғын үй кешенін салып, пайдалануға береміз. Бұл 8 мыңға жуық үлескердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді» деді А.Көлгінов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − fifteen =