«Сақалды» құрылыстар екі есе азайды

0 20

Кеше қала әкімі Алтай Көлгінов үлескерлер саны 2 мыңнан астам отбасын құрайтын қаланың ең проблемалы құрылысының барысымен танысты. Солардың бірі «Шығыс» тобының бірнеше тұрғын үй кешенінен тұратын көппәтерлі тұрғын үйлерін аралап, көрді. Бұл туралы әкім өзінің инстаграм парақшасында баяндады.

Қала басшысының айтуынша, ұзақ уақыт салынған бұл үйлердің құрылысын «өлі нүктеден» жылжыту үшін ауқымды дайындық жұмыстары жасалған: қаржы бөлініп, техникалық, қаржылық аудит жүргізілген, ТК барлық блоктарына мердігерлер анықталған. «Құрылысы ұзаққа созылған үйлердің ар жағында мыңдаған адамдардың тағдыры тұр. Үлестік құрылыс нысандарындағы жағдай әртүрлі: бір жерде құлап, қирау қаупіне байланысты тұрғын үй кешендерін бұзып, қайта салып жатырмыз, бір жерде құжаттар дұрыс болмады, екі-үш есе сату фактілері анықталды. Бірінші кезекте ұзақ салынған нысандарға техникалық аудит жүргізу қажет болды, өйткені бәрінен де үйлердің қауіпсіздігі: іргетастың беріктігі, сол үйде тұратын адамдардың амандығын ойладық» дей келе, әкім «Шығыс» тобы тұрғын үй кешендері бойынша 1А және 1В блоктарында қасбеттік жұмыстар жүргізіліп, терезелер мен лифтілер орнатылғанын, инженерлік желілер жүргізілгенін айтқан.
«Осы кешенде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, абаттандыру жұмыстары басталды. 2А және 2В блоктарында үйдің қаңқасы толықтай жасалды. Мысалы, 2А блокта үйдің қаңқасы нөлдік циклден көтерілді. Сондай-ақ тұрғын үй кешенінің шатырын салу жұмыстары жүргізілді, қазір терезелер мен лифтілерді орнату жұмыстары басталды. 3А және 3Б блоктарында үй шатырлары мен қаңқасы бойынша осыған ұқсас жұмыстар жүргізілді. Терезелер, лифтілер орнатылады. 4А блогында (1-кезек) монолитті жұмыстар, тас қалау, терезелерді орнату, сондай-ақ қасбеттік жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, тұрғын үй кешенінің бұрын аталған блоктарын ағымдағы жылы пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бір жарым жылдың ішінде ұзақ салынып жатқан үйлердің саны 2 еседен астам азайды. Биыл 50-ден аса көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз» деді әкім өз сөзінде. Нәтижесінде тағы 7 мыңнан астам үлескер жеке пәтерінің кілтін алады. Осындай әр нысан бойынша мұқият есептелген іс-шаралар жоспары жасалған.
Осы күні әкім әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысын да аралап шығып, биыл 10 мың пәтер тапсырылатынын мәлім етті. «Біз жүйелі түрде жұмыс істейтін мәселелердің бірі – әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысы. Бүгін Есіл ауданының Жағалау шағын ауданында орналасқан бірқатар қолжетімді тұрғын үйдің құрылысы қалай жүргізіліп жатқанымен таныстым. Құрылыс қарқынын үдетуді, үйлердің сапасына және айналасының абаттандырылуына мән беруді тапсырдым. Бұдан бұрын үйлердің бірінші қабаттарын бизнеске бермей, тұрғындарға қажетті әлеуметтік нысандар: оңалту орталықтарын, медициналық орталықтар, балалардың бос уақытын өткізетін орталықтар, полиция тораптарын ашу туралы шешім қабылдағанбыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолжетімді тұрғын үйді көбірек салудамыз» деді әкім.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × three =