САПАСЫЗ ТАУАРҒА ЖОЛ ЖАБЫЛАДЫ

0 89

20140504124718

Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі жұмысының негізгі алты бағыты айқындалды. Ол жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында агенттік төрағасы Болатбек Қуандықов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ең алдымен тұтынушылардың құқығын қор­ғауға бағытталған жаңа модель әзір­ленді. Салаға қатысты заңда шикіліктер анықталғандықтан, агент­тік мамандары жаңа заңды дайын­дауға кіріскен. «Қазірде еліміздегі 172 қоғамдық бірлес­тік­тен 50-і ғана нақты жұмыс істейді. Сондықтан жаңа заңда мем­­ле­­кеттік қолдау тетіктері де қарас­­­ты­­ры­лып отыр» деді агенттік төрағасы.

Тұтынушылардың шағым­да­ры негізінен тұрғын үй-ком­му­нал­дық шаруашылық, қоғамдық көлік, құры­лыс салаларының жұмысына қатысты түсіп жататын көрінеді. Жаңа заңда осының бәрі реттелмек.

Сонымен бірге, эпиде­мио­ло­гия­лық қадағалау жүйесі де жетіл­­ді­рі­летін болады. Оның ішінде сани­та­риялық талаптарды қайта қарау көзделуде. Болатбек Баянұлының сөзінше, жақында Астанадағы бір мектепте орын алған жағдай соны көрсетіп отыр. Рұқсат беру құжаттар санын қыс­қар­ту да жоспарлануда.
Өнімдердің қауіпсіздігіне айрық­ша назар бөлінбек. Алдымен белгілі бір өнім алдымен зертханалық зерт­теу­ден өткізіледі. Оның зия­ны анықталмаса ғана саудаға шыға­ры­лады. Қазірдің өзінде, мәсе­лен, наурыз айында бірқатар азық-түлік тексеріліп, елімізге Ресей және Беларусьтен келетін құс еті мен Украинада өндірілетін ірім­шік­ өнім­дерін кіргізуге тыйым салынған.

Сонымен бірге, агенттік бірың­ғай ақпараттық жүйе құрмақшы. Арнайы порталда сапасыз тауарлар атауы орналас­тырып, тұтынушы нені алу, нені алмау керектігінен хабар алады.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 1 =