Сапалы өнім шығарамыз

0 213

 

Меделбек Ағыбаев, «Цесна-Мак» ЖШС бас директоры

– Меделбек Кемелбекұлы, өзі­ңіз басқаратын кәсіпорын өнім­дері елімізге және шетел тұ­ты­ну­­шы­­ларына жақсы танымал. За­уыт­­тың бүгінгі аяқ алысы қалай?

– Астана қаласындағы макарон­ фа­б­­рикасының жұмысы күн­­нен­ күн­ге алға басып келеді. 2006­ жыл­­­дың қыркүйегінде іске қо­сыл­ған фаб­­рика сағатына екі тон­на, ал тәу­лігіне 40-45 тонна ма­карон өнім­дерін шығарады. Ай­та кетер жайт, осыдан біраз уа­қыт бұрын фабриканың макарон шығаратын жаңа желісі іске қо­сылды. Мұнда сағатына үш тонна ма­карон өн­ді­ріледі. Жалпы, бірінші жә­не­ екін­ші желі іске қосылғанда, ке­мін­­де күніне 100 тонна макарон өнім­дері шығарылады. Осылайша ас­­та­на­лықтарды сапалы өніммен қам­­тамасыз етіп келеміз.

– Зауыт бәсекеге қаншалықты қабілетті?

– Бүгінде макарон өнімдерін шығаратын, бәсекеге қабілетті зауыт, фабрикалар жетеді. Алайда, біздің ұстанымымыз – сапа. Кәсіпорын үшін бірінші кезекте нарықтағы бақталастық емес, алдымен өнімнің сапасына назар аудару. Сондықтан да, халыққа пайдалы әрі сапалы өнімдер шығарып келеміз деп айта аламын.

– Макаронның қанша түрін өндіресіздер?

– Фабрикада макаронның 16 түрі шығарылады. Сондай-ақ, жайма, кеспе, ұяшық кеспенің айына 60-65 тоннасы өндіріледі. Бұл өнімдер Қазақстанның барлық облыстарына және Иран, Монғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстанға жөнел­ті­леді. Алғашында макарон өнді­руде ресейлік мамандардың тәжі­ри­бе­сімен бөліссек, бүгінгі таңда еліміз­де­гі білікті мамандар қызмет етеді.

– Фабрика қанша адамға жұмыс тауып беріп отыр?

– 150-ге жуық жан еңбекпен қамтылған.

– Алда қандай жоспарларыңыз бар?

– Осы айда макарон өндіретін үшінші желіні іске қосу жоспарланып отыр. Ол сағатына 3 тонна макарон өндіруге қауқарлы. Сонымен қатар, елдің сұранысына сәйкес, алдағы уақытта жеңсік өнімдер, тез дайындалатын таңғы ас өнімдерін шығаруды мақсат етіп отырмыз.

– Әңгімеңізге рахмет!

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + 15 =