«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Сапалы медициналық қызмет – әлеуметтік мемлекеттің негізі

0 26

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында әлеумет­тік қолдау жүйесін одан әрі дамыту мәселерін жан-жақты ашып көрсетті. Осыған орай, Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын орындау бойынша ведомствоның қабылдаған шараларына қысқаша тоқталып өткім келеді. Атап айтқанда, мемлекет мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар жүзеге асыру үстіндеміз. Өз тарапымыздан БЦП диагнозы бар балаларды медициналық сүйемелдеуді жақсарту бойынша бас­ты шараларды анықтап алдық.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында церебралды сал ауруы диагнозымен 1150 бала тіркелген, олар аумақтық емханаларға тіркелген және диспансерлік есепте тұр. Бүлдіршіндерді оңалту алғашқы медициналық-санитарлық көмектің амбулаториялық және стационарлық деңгейлерінде және қалалық балалар ауруханаларында жүзеге асырылады. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарында балалар тегін амбулаториялық емдеу массажымен, емдік дене шынықтырумен, электр және дене шынықтырумен қамтамасыз етіледі. Осы жылдың 8 айында 360 бала оңалтылды, бұл психоневрология­лық ауруы бар балалардың 31 пайызын құрайды.
Сонымен бірге медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған өнімдер сатып алу үшін шамамен 10 млн теңге бөлу туралы шешім шығарған.
Суицидтің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Біріншісі, 10 төсекке арналған дағдарыс бөлімшелері ұсынылған суицидтік қыз­меттер бар. Сол сияқты 3 және 4 емханада екі шұғыл психология­лық көмек кабинеті, психологиялық денсаулық медициналық орталығында сенім телефоны, қала бойынша 111 бірыңғай call орталығы бар. Екінші, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының шұғыл психологиялық көмек кабинеттерінің мамандары, БМСК жастар денсаулық орталықтары тұрақты негізде халыққа өмірге оң көзқарас, дағдарыс жағдайларының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Үшіншіден, БМСК қызметкерлері мен білім беру жүйесінің мамандарын оқыту жүргізілуде.
Жолдауда Мемлекет басшысы медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте айта кету керек, халықтың денсаулық көрсеткіші, әсіресе, ана мен бала өлімі бойынша елдің дамуы жоғары деңгейде қалуда. Басқармада осы көрсеткіштерді төмендету бойынша барлық шаралар қолға алынып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің жедел жоспары негізінде ана мен бала өлімін төмендету бойынша қалалық жоспар әзірленді. Қызметкерлердің толық дайындығын қамтамасыз ету үшін үнемі оқыту жүргізіледі. Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге уақтылы бейінді, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін №2 перинаталдық орталыққа қосылу арқылы №1 көпсалалы қалалық аурухана құру жоспарланған. Сонымен қатар 2019-2020 жылдар аралы­ғында №1 қалалық аурухана базасында 250 төсекке есептелген акушерлік блоктың құрылысы қарастырылған.
«Ауыр экстрогениталды патологиясы бар жүкті әйелдерді бақылау және емдеуге жатқызу алгоритмі әзірленді. Халықаралық стандарттарға сәйкес, базалық оңалту арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қиын жағдайға жедел ден қою жұмысы жалғасуда.
Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2019-2025 жыл­дарға арналған Денсаулық сақ­тау инфрақұрылымының аймақ­тық-перспективалық жоспары белсенді жүзеге асырылуда. 2011-2015-2023 жылдарға арналған БМСК дамыту тұжырымдамасы шеңберінде «үйдегі дәрігер» жобасын мысал етуге болады.
Егер астаналық медицинаға қажет басымдықтардың тізіміне тоқталып, көздеген мақсаттарымызды сөз етсек, алдымен:
1. Ересектер мен балаларды оңалту. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қамту мақсатында барлық қызмет кешенімен қалалық оңалту орталығын ашып, патологиясы бар балаларды оңалтуды жолға қойғанымыз жөн.
2. Ауыр патологиясы бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін төсектер, балалардың мейір­бикелік күтім ауруханаларын ашу қажеттігі бар.
3. Аутизм орталығын құру. Соңғы 5 жылда ауру балалардың 34%-ға өсуі байқалады. 2015 жылы – 186 бала, 2019 жылы – 545 бала. Күндізгі стационары бар балалар ментальдық орталығын ашу жоспарланған. Бұл орталықта психолог, логопедтер, дефектолог мамандар тартылған монтероссия, психикалық түзету, сенсорлық интеграция қызметтері болады. Осы орталықты жабдықтауға 11 млн теңге қажет.
4. Жастар денсаулық орталығының ашылуы. Жасөспірімдер мен жастарды қолдау аясында қаланың 4 ауданында жастар денсаулық орталықтарын ашу жоспарлануда. Осы орталықтарды техникалық және әдіснамалық сүйемелдеу мақсатында ҮЕҰ әлеу­меттік тапсырысын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылуда. Жоспарланған 4 орталықты қаржыландыру үшін жылына 120 млн теңге қажет.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды