САПАЛЫ КОНТЕНТКЕ – МИЛЛИОН!

0 137

logo2-300x269Тұңғыш қазақ блогерлерінің жазба жарысы – «Блогиада-2014» байқауы жарияланды. Жарыс 24 наурыздан басталып, 1 желтоқсанға дейін жалға­­­сады. Төрт кезеңнен тұратын додаға еліміздегі ең мықты деген 32 блогер қатысып, 10 ай бойы өзара бақ сынасады.

Ол үшін қатысушылар www.blogiada.kz сайтына тіркеліп, ұсыныс білдіруі қажет.

Әр кезеңге 2 ай беріледі. Алғашқы кезеңде 32 блогер іріктеліп алынып, келесісіне үздік шыққан 16-сы өтеді. Осылайша екі айда екі есе кеміп отыратын блогерлердің ішінен финалға 4 мықтысы іріктеліп, нәтижесінде жыл үздігі анықталады.

Байқаудың талабы бойынша блогерлер әр аптада арнаулы тақырыптарға сай жазба жазуы қажет. Бұл жазбалар техникалық және мазмұндық тұрғыда бағаланып, орташа бағалар бойынша рейтингі түзіледі.

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқаудың демеушісі – Қазақстан софтверлік компаниялар Ассоциациясы Президенті Азаматхан Әміртай блогиада жеңімпазына 1 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындап отыр. Байқау қорытындысы жыл соңында 6 желтоқсанда жарияланатын болады.

Шынар Шәкен

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 + 4 =