Сапалы көліктер сап түзеді

0 169

Астанадағы «Көрме» кешенінде «Astana International Auto Salon – 2013» (AIAS-2013) бірінші халықаралық автөкөлік көрмесі ашылды. Үлкен екі залда қатар басталған бұл шараны Индус­трия және жаңа технологиялар министрлігінің, «KAZNEXINVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің, сондай-ақ, «NADLoC» жергілікті құрамды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің қолдауымен «Expo Group» халықаралық көрме компаниясы ұйымдастырып отыр.

Көрменің басты мақсаты – авто­-көлік жасап шығарудағы же­тіс­тік­терді көрсетіп, әріптестікті да­мытуға халықаралық дең­гейде жайлы жағдай жасау және қазақ­стан­дық нарықтың стратегиялық маңызды мәселелерін шешу үшін шетелдік әрі отандық автокөлік өндірушілеріне Еуразия аймағының орталығында айрықша тұғырнама ұсыну. Сон­дықтан оған Германия, Жапония, Чехия, АҚШ, Ресей, Корея және Қазақстанның ірі компания­лары қатысып, жиналған көпші­лікке өзекті трендтер мен әлем­дік авто­өндірушілердің жаңа өнімдерін ұсынды.
Қос залдың біреуіне өзімізде құрас­тырылатын «Ssаng Yong», «KIA», «Skoda» және тағы басқа да жаңа маркалы автокөліктердің үлгілері қойылса, екінші залда «Reno», «Mitsubishi», «Ford» және «Volkswagen» сынды компаниялардың шығары­лым­дары сап түзеген. Ондағы нақ­ты та­қырыптық бөлімдер авто­көліктер, автокөлік тіркемелері, автоүйлер, үлкен және шағын автобустар, мототехника, көліктерге арналған қосалқы бөлшектер, шиналар мен дискілер, аккумулятор батареялары, автоэлектрика, автохимия, автокосметика, автоаксессуарлар, күзет кешендері және GPS-навигация, тюнинг, жол құрылысы, тағы басқа деп жалғаса береді. Көрмедегі айрықша уақиға – елімізде алғаш рет i-MiEV (MITSUBISHI Innovative Electric Vehicle) эко­логиялық таза және шусыз ин­новациялық электрмобильдің ресми тұсаукесері болды.
Ғали ТӨЛЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 + 7 =