Сапалы білім – ел болашағы

0 68

Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетіліп, Үкіметке тапсырма ретінде берілген экономикалық даму, білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, өңірлік саясатпен еңбек нарығында тиімді жүйе қалыптастыру, саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау, ұлттың ұйысуы – дамудың басты факторы. Міне, еліміздің дамуына ықпал ететін осы шаралардың бәрі жүзеге асса, сапалы жағдай туары сөзсіз.
Жолдаудың басымдықтарымен ерекше қызығушылықпен танысып шықтым. Осы орайда, ең алдымен назар аудартқаны сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш екенін атап көрсетті. Жолдаудағы көңіл қуантарлық жағдай – қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейетіні. Сондай-ақ еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндеттерді шешуге әр мұғалім үлес қосу керек деп ойлаймын.
• Білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс;
• Дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет;
• «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасымен жүзеге асыру;
• Тұрмысы төмен отбасында өсіп жатқан балаларға қолдау көрсету.
Бұл алға қойылған міндеттердің табысты іске асырылуына әрбір мұғалім жауапты. «Мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуіміз керек деп санаймын. Өйткені олар шәкіртінің бойына жаңа білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы болуға тиіс» деп мұғалімдердің білімінің ілгері басуына ықпал ететін мәселені көтерді. Кез келген педагог кәсіби және тұлғалық өсудің бірден-бір жолы – кәсіби өзін-өзі жетілдіру екенін түсінгені дұрыс деп ойлаймын.

Ардақ ЖАЛҒАСБАЕВА,
Әлихан ­Бөкейхан ­атындағы №76 ­мектеп-лицей
­директорының орынбасары

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 + eleven =