САП ТҮЗЕП ӘНГЕ БАСТЫ­ ЖАС ӨРЕНДЕР

0 162

_DSC1227

Астана қаласының білім беру мекемелерінде 9 сәуір-9 мамыр аралығында Республикалық жас әскерилер бірлестігі штабының қолдауымен Ұлы Отан соғысының 69 жылдығына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 22 жылдығына арналған әскери патриоттық айлық өтуде.

Осынау іс-шараның аясында жақында сап түзеу және ән салудан қалалық байқау ұйымдастырылды. Бірінші кезең 15 сәуірде алпыс сегіз мектеп арасында өткізіліп, арасынан үздік деп танылғандары №50 мектеп-гимназиясында тағы да сайысқа түсті. Оқушылар алғашқы әскери дайындық сабағынан үйренген қимыл-қозғалыстарды барынша мүлтіксіз орындауға тырысып, үнемі репертуары қашан да солғын деген сынға ұшырайтын әскери-патриоттық әндерді байыта түсетіндей шығармаларды орындады.
Нәтижесінде байқаудың гран-при жүлдесіне №71 мектеп-лицейдің командасы ие болды, ал бірінші, екінші, үшінші орын сәйкесінше №63, №70, №50 мектеп-лицейлерден келген өрендерге бұйырды.

Мәдина ЖАҚЫП

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 5 =