САНКТ-ПЕТЕРБУРГТЕ ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОАУЫЛЫ АШЫЛАДЫ

0 102

167471c85ec5f0d7a9342ad2baf

Алдағы сенбі, 17 мамыр күні Санкт-Петербург қаласында Астананың мәдени күндері бас­талады. Екі қала арасындағы мәдени және іскерлік байланысты нығайтуға бағытталған шара барысында астаналықтар қазақтың этноауылын көрсететін болады.

Этноауылдың тыныс-тіршілігімен танысуға келетін Санкт-Петербург қаласының тұрғындары қазақ қолөнер­шілерінің шеберлік сағаттарын көріп, оған өздері де қатысуға мүмкіндік алады. Ол үшін арнайы «Қазақ ауылы» экспозициясы құрылады. Ши, басқұр тоқуға, сырмақ сырып, кесте тігуге ниеттілер осы алаңда өздерінің қызығушылығын тудырған дүниелермен танысады. Қамшы өріп, кілем тоқып, жіп иіріп қазақ халқының дара болмысын терең ұғады. Бұдан басқа да салт-дәстүрлеріміз көрсетіледі. Сонымен қатар, этно-ауылдың қонақтары үшін «Astana ballet» би ұжымы мен «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі өнер көрсетеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × five =