Санитарлық талаптар сақталмай жатыр

0 35

Елордада карантин талаптарын сақтамағандарға 12,4 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.«Қалалық департаменттің аумақтық басқармалары 5 шілдеден бастап жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қатаң шектеулі карантин шараларын сақтамағаны үшін жалпы сомасы 12472220 теңге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 50 хаттама жасады. Жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілері еліміздегі және Нұр-Сұлтан қаласындағы індетке байланысты эпидемиология­лық жағдайға қарамастан, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын сақтамайды. Атап айтқанда, нысандардың жұмыс тәртібі сақталмайды, адамдар беттұмша тақпайды, әлеуметтік қашықтық сақталмайды, қызметі уақытша тоқтатылған нысандар жұмысын тоқтатпаған» деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 1 =