Санитарлық талап сақталады

0 15

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың төрағалығымен білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары, санитарлық нормалардың сақталуы және COVID-19-дың алдын алу және оның таралуына жол бермеу мақсатында онлайн-кездесу өтті.

2021-10-16_17-49-05

Жиын барысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларымен ғимараттарда және оған жақын аумақтарда санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйелерін толығымен Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосу және COVID-19-дың алдын алу әрі оның таралуына жол бермеу мақсатында күнделікті санитарлық-профилактикалық шараларды күшейту мәселелері талқыланды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін санитарлық-эпидемиология­лық талаптардың сақталуы басты міндет екенін айрықша атап өтті.

«Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру өте маңызды. Қазіргі уақытта қала тұрғындарының 68 пайыздан астамы КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды. Толық иммундаудан 405 мың азамат өтті. Бүгінде елордада вакцинация пункттері 36 медициналық мекемеде, 5 сауда орталығы мен теміржол вокзалдарында және Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ұйымдастырылған. Бұл шаралардың бәрі халыққа екпе алуға ыңғайлы болу үшін қабылданып жатыр» деді ­А.Оралов.

Жиын барысында білім беру ұйымдарындағы Ashyq қосымшасы талаптарының сақталуы және қызметкерлердің вакциналану статусы, дезинфекциялау режимінің орындалуы, маска режимі және әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қамтамасыз ету жайы талқыланды. Сол сияқты оқу процесінде студенттерге коронавирустан қорғау жүйелері, яғни термометрлерді, рецеркуляторларды, санитайзерлерді және жеке қорғаныс құралдарын қолданудың маңызды екеніне назар аударту, жатақханаларда эпидемияға қарсы шаралар кешенін тұрақты жүргізу, тұрғын жайларды үнемі желдету, жатақханаларда тұратындардың байланысын барынша азайту мәселелері талқыланды. Осыған байланысты білім беру ұйымдарының әкімшілігіне қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инфекцияның таралуын болдырмау шараларын күшейту тапсырылды. Тиісті тексерулерді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер әрі қарай да жалғастырады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − 10 =