Санитарлық нормалар сақталуы міндетті

0 55

Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен ТЖ ескерту және оның салдарын жою бойынша комиссияның отырысы өтіп, онда коронавирус жағдайы мен карантин режимін сақтау мәселесі қаралды. Оның барысында қаланың ірі сауда, ойын-сауық және фитнес орталықтары басшыларының қатысуымен бейнеконференция ұйымдас­тырылды.Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастығы Ерлан Бекмурзаев бейнеконференция барысында жұмысын қайта бастағанына қарамастан, кәсіпкерлік субъектілері санитарлық талаптарды қатаң сақтауға міндетті екенін еске салды. Елордалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті бастығының орынбасары Айгүл Шағалтаева сауда, ойын-сауық орталықтары басшыларының қызметін қайта бастауы туралы айтты. Қажетіне қарай әр кәсіпкерге жеке-жеке жауап берілді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен азаматтардың қауіпсіздігін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажетіне назар аударды. Сондай-ақ ол мемлекеттік органдарға күн сайын нысандарға рейд жүргізіп, санитарлық нормалардың сақталуын тексеруді тапсырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 − 3 =