«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Сандық сапаға көшеді

0 199

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру, сандық сапаға ауысу мүмкіндіктері жөнінде Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров журналистермен кездесуінде әңгімелеп берді.

Денсаулық сақтауды цифр­ландырудың басты мақсаттарының бірі медициналық жүйелердің өзара әрекетінің бір ортада үйлестірілуі ғана емес, емделушілер үшін ұялы сандық қосымшалардың жасалуымен ерекшеленетін болады.
Соның бірі ретінде 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы аумағында электрондық денсаулық пас­портын кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр. Осы арқылы еліміздің әрбір азаматы өз денсаулығын қорғау процесіне және салауатты өмір салтына жұмылдыруды қамтамасыз етпек.
Денсаулықтың жаңаша паспортын иеленушілер өздерінің жеке деректеріне қатысты мә­ліметтерді электрондық үкі­меттің сайтындағы жеке кабинеті арқылы білетін болады.
Бұдан басқа, денсаулық сақтаудың цифрландырылуы саланың бұдан әрі ақпараттандырылуына, технологиялардың енгізілуіне, қағазсыз ауруханаларға көшуіне, сонымен қатар негізгі созылмалы аурулары бар науқастарды қашықтықтан диагностикалау әдісінің енгізілуіне жол ашылады.
Сандық медицинаға көшу осы саланың қызметкерлері қағазбастылықтан құтылып, медициналық қызметтің тиім­ділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік ашады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды