САН САЛАНЫ ҚАМТЫҒАН ЖИНАҚ

0 131

dc70efa057b628db475ff5da4db30b70

Ұлттық академиялық кітап­хана­да биология ғылымының докторы, профессор Нүркен Мыр­за­хан­ұлының «Ғылыми, ғылыми-бұқа­ра­лық және шығармашылық ең­бек­те­рінің» таныстырылымы өтті.

Сократ сыйлығының иегері, халықаралық Вена университетінің құрметті профессоры Нүркен Мырзаханұлы өз еңбегінің бірінші томын Лимфа жүйесіне арнаса, екінші томына «Лимфа айналымы» туралы монографиясын енгізіпті. Осы салаға қатысты мамандардың айтуынша, еңбектің құндылығы сонда, ол бүгінгі өмірмен ұштастырыла зерттелген. Сондай-ақ, жеті томға енген физиологиялық терминдердің орысша-қазақша сөздігі, ауыл шаруашылығы, валелогия, экология тақырыптары автордың жан-жақты ізденісін байқатады.

Ал, жетінші томға ғалым өмір, руханият туралы толғаныстары мен замандастарына арнаған өлеңдерін, мақалаларын топтастырыпты.

Сағи Орал

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 1 =