«Самұрық-Қазынаның» дәрігерлерге көмегі

0 30

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры мен Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 індетіне қарсы күресте ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында «Са­мұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 100 жедел жәрдем көлігін, 1000 оттегі концентратын, 50 өкпені жасанды желдету аппаратын, 1000 пульсоксиметр және 3000 «Авифавир» вирусқа қарсы дәрісін сатып алып, Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырды. Медицинадағы тапшылыққа байланысты көмектің мұндай түрлері Денсаулық сақтау министр­лігімен келісіп, таңдалды.
«Бұл шаралардың барлығын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Өздеріңіз білетіндей, жақында Елбасымен кездесу өтіп, онда ол қордың ішкі қорынан Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі медициналық орталық салуға қаражат бөлуді тапсырды. Бұл орталықтар халыққа медициналық қызмет көрсету үшін ғана емес, сонымен қатар ғылыми-зерттеу әлеуетін шоғырландыруға септігін тигізеді. Аталған жұмысты біз бас­тадық, қаражатты резервке салдық» деді салтанатты рәсімде Ахметжан Есімов.
Сөз соңында қор басшысы Денсау­лық сақтау министрлігінен медицина орталықтары бойынша техникалық тапсырма алуды тездетуді, ал аталған қалалардың әкімдерінен тиісті коммуникация­лары бар жер учаскелерін бөлуге өтініш айтты. «Денсаулық сақтау министрлігінің атынан Қордың көрсеткен корпоративтік әлеу­меттік жауапкершілігі және жұқпалы аурулардың, оның ішінде COVID-19 індетінің өршуіне қарсы күресте ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға ықпал еткеніне алғыс білдіремін. Меморандум қазіргі эпидемиологиялық қауіп-қатерге дер кезінде және қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік беретініне сенімдімін» деді Алексей Цой.
«Авифавир» – клиникалық сынақтарда тиімділігін растаған әлемдегі індетке қарсы екі дәрінің бірі. Бұл дәріні «Самұрық-
Қазына» қоры «Ресей тікелей инвестиция­лар қорының басқарушы компаниясы» АҚ-нан сатып алған. Ахметжан Есімов дәріні жасаушы «Ресей тікелей инвестициялар қорының басқарушы компаниясы» АҚ-мен онлайн-конференция барысында оның басшысы Кирилл Дмитриевке осы препараттарды сатып алу мүмкіндігі үшін алғыс айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five − two =