«САМСУНГ» ӘРІПТЕС АТАНДЫ

0 82

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы және «Samsung Electronics Central Eurasia» ЖШС әріптестік байланыс жөнінде меморандумға қол қойды.

samsung-logo

«Самсунг» компаниясы ынтымақтастық шеңберінде «ЭКСПО-2017» көрме кешенін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Компания ЭКСПО корпоративтік павильонында орналасады. Бұл жерде көрме қатысушыларының тиімді жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалып, арнайы коворкинг-орталығы ашылады. Орталықта «Самсунг» компаниясы 15 конференция, 15 аспаздық шеберлік сабағы және 100-ден астам кездесу ұйымдас­тыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, көрме аясында екі компания бірлесіп, бірқатар маркетингтік шаралар өткізіп, жетекші компаниялардың жоғары технологиялы өнімдерін көрме логотипімен брендтеуді жалғастырады.Осыған дейін Shell, Siemens, Cisco, General Electric, Saint Gobain, Citic Group, Каспий құбыр жүргізу консорциумы, Росатом және басқа да компаниялар көрме әріптестері мен демеушілері атанды.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + 15 =