САМҒАЙ БЕР, «САМҰРЫҚ»

0 174

8с

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Самұрық» шоу-балеті Ұлыстың ұлы күні елордамыздың мәдени мәртебесін Испанияның Ллорет де Мар қаласында өткен «World of Dance» халықаралық байқауында асқақтатып, бас жүлдемен оралды. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Самұрық» шоу-балеті Ұлыстың ұлы күні елордамыздың мәдени мәртебесін Испанияның Ллорет де Мар қаласында өткен «World of Dance» халықаралық байқауында асқақтатып, бас жүлдемен оралды.

Испания, Ресей, Беларусь, Польша, Румыния, Венгрия, Украина елдерінен кәсіби бишілер бақ сынасқан халықаралық байқауда біздің өнерпаздар «Толғау», «Үш жүз», «Сарбаздар» атты ұлттық нақыштағы билерімізді заманауи үлгіде тарту етіп,  «аралас хореография» номинациясы бойынша да креативті композицияларымен үздіктер қатарынан табылып, топ жарды. Сонымен қатар, Ллорет де Мар қаласының мэрі «Самұрық» шоу-балетіне арнайы алғысын білдіріп, топ жетекшісі Әсет Сәменұлына естелік сыйлықтар табыс еткен.

222сБес жылдық тарихы бар, университетіміздің абыройын әлемдік сахналарда асқақтатып жүрген ұжымның жетістіктері жетерлік. Атап айтсақ, 2011 жылы Атырауда өткен Республикалық Дельфий ойындарында күміс медаль, 2012 жылы Көкшетауда өткен дәл осы жарыста алтынға қол жеткізсе, елордада өткен халықаралық Дельфий ойындарында қола медальға ие болды. Жыл бойы би топтарын арнайы іріктеуден өткізіп, финалға тек ең мықтыларын өткізетін коммерциялық «Территория танца» байқауында да «Үш жүз» биі ең үздік номинацияға лайық деп танылған. Ресей, Украина, Беларусь, Қытай елдеріндегі елшілеріміздің шақыртуымен Нау­рыз мейрамында ұлттық билерімізді билеп, төл өнерімізді насихаттайтын «Самұрықтың» самғайтын асуы әлі алда деп сенеміз.

 

Гүлназым СӘКЕНҚЫЗЫ,

ЕҰУ-дің  Әлеуметтік және азаматтық даму жөніндегі департаментінің бас маманы 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × three =