Самал – «Ника» иегері

0 23

Нұр-Сұлтан қаласы Музыкалық жас көрермен театрының актрисасы Самал Есләмова Ресейдің кино саласындағы беделді «Ника» сыйлығын иеленді.Сыйлықты табыстау рәсімі 25 сәуір күні өтті. Марапат кино саласындағы 2019 және 2020 жыл бойынша тапсырылды. Оның себебі, былтыр коронавирус пандемиясына байланысты сыйлықты табыстау кейінге шегерілді.
2019 жыл қорытындысы бойынша «Үздік әйел бейнесі» аталымында екі актриса топ жарды. Бұл – «Айка» фильмінде басты рөлді сомдаған Самал Есләмова мен «Дылда» кинотуындысында ойнаған Виктория Мирошниченко. Самалдың өзі Мәскеуге бара алмады. Оның сыйлығын «Айка» фильмінің екінші режиссері, актер Вячеслав Агашкин алды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + 13 =