©2020 Астана Ақшамы
Салықтық тексерулер азайды
Былтыр еліміздегі салықтық тексерулер саны 45 пайызға төмендеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Такиев мәлімдеді.
«2017 жылы Бас прокуратура және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске жүктемені біртіндеп төмендету және қылмыстық қудалау орбитасына шығармау жөнінде басталған бірлескен жұмыс биыл да жалғасуда. Өткен жылы Мемлекет басшысы салықтық тексерулер санын 37,5 пайызға төмендетуді тапсырған болатын. Біз өткен жылдың қорытындысында аталған көрсеткішті 45 пайызға дейін немесе тексерулер санын 76794-тен 42018-ге дейін қысқарта алдық» деді ол.
Оның айтуынша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты тексерулер санының 25 пайызға төмендейтіндігі күтілуде.